Оралда “гастролер-ұрылардың” қылмыстық тобы құрықталды

Оралда “гастролер-ұрылардың” қылмыстық тобы құрықталды

Батыс Қазақстан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері наурыз айында Орал қаласына пәтер ұрлығын жасау мақсатында еліміздің басқа өңірлерінен келген “гастролер-ұрылардың” қылмыстық тобын ұстады.

Топ құрамында төрт қылмыскер болған, олардың үшеуі – Нұр-Сұлтан, Шымкент және Семей қалаларының тұрғындары, ал топтың ұйымдастырушысы еліміздің оңтүстік өңірінен шыққан. Қылмыскерлер Орал қаласында алдын ала жалға алынған пәтерде тұрып, астыртын әрекет ету шараларын жасаған. Сонымен қатар қатысушылардың бірі 2020 жылдан бастап мемлекетаралық іздеуде болды. Қылмыс жасаған кезде ұрылар алдын-ала жасалған жоспарға сәйкес әрекет еткен, олардың әрқайсысы өз рөлдерін атқарған.

Арнайы іс-шаралар кешенін мақсатты әзірлеу және өткізу нәтижесінде ұрылар коттедждердің бірінде ұрлық жасаған кезде ұсталды.

Олар пайдаланған автокөлікті тексеру барысында ұрланған үлкен ақша сомасы, есік құлыптарын бұзуға арналған құралдар мен рация, сонымен қатар жалға алынған пәтерді тінту кезінде бағалы алтын бұйымдар тәркіленді.

Қазіргі уақытта олардың басқа да ұқсас ұрлықтары әшкереленді. Сондай-ақ ағымдағы жылдың сәуір айында Атырау қаласының екі тұрғынынан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Олар Орал қаласы аумағында жасаған пәтер ұрлығының үш фактісі дәлелденді.

Ағымдағы жылдың басынан бері облыстың полиция қызметкерлері 34 пәтер ұрысын ұстады, қылмыстық құқық бұзушылықтың осы түрін жасауға мамандандырылған алты қылмыстық топтың жолын кесті.

https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/398913?lang=kk 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив