Егіз әпкелер – жақын құрбылар және қызметтегі әріптестер

Егіз әпкелер – жақын құрбылар және қызметтегі әріптестер

Апалы-сіңлілі Альмира мен Гүлмира Мырзекеновтар бір-біріне сырттай ғана ұқсамайды. Олардың тағдырлары да бір-бірімен тығыз байланысты және екеуі де елордалық полицияда қызмет етеді.

Апалы-сіңлілер бала кезінен полицияда жұмыс істеп, погон тағып жүруді армандаған. Олар 1986 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Қыздар бір балабақшаға барып, бір мектепте оқып  бірдей киінетін болған. Бұл дәстүр қазірде өз жалғасын табуда, өйткені екеуі де 2005 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етіп келеді. Алдымен ҚР ІІМ Ақтөбе заң колледжіне оқуға түскен. Содан кейін ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын бітірген. Мектепті бітіргеннен кейін апалы-сіңлілер Шығыс Қазақстан облысына жіберіліп, ювеналды полицияда, пробация қызметінде және ҚР ІІМ оқу орталықтарында әр жылдарында тәжірибе жинақтаған.

 Бүгінде апалы-сіңлілер Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің «Сарыарқа» ауданының жедел уәкілі, анықтаушысы қызметінде полиция майоры шенімен қызмет етеді және бала кезінен армандаған азаматтарды қорғауға өз үлестерін қосып жатқандарына шын жүректен сенеді.  Апалы-сіңлілер өздерінің мамандықты дұрыс таңдағандарына ешқашан күмәнданбағандарын мойындайды, өйткені олардың өмірлері бір-бірімен байланысты, яғни әрқашан қасында болып, барлық жағдайда бір-бірін қолдау.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив