Бірнеше бала асырап алу

Бірнеше бала асырап алу

         Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 85-бабына сәйкес, бір адамның ағалы-інілі және апалы-сіңлілі (қарындасты) болып табылатын немесе өзара туыстық қатынасы жоқ бірнеше баланы асырап алуына болады. Алайда бала асырап алу процесі сот арқылы жүргізілетін болғандықтан соңғы шешімді сот хабарлайды. Сот процесіне жетпей тұрын бала асырап алушылардың тұрмыстық жай күйін тексеруге қорғаншылық және қамқоршылылық органы үйіне барады. Себебі бірнеше бала асырап алу үшін ол балаларға асырап алушылар жағдай жасай алулары керек. Үйінің жалпы ауданы, бөлме саны, жалақы мөлшері барлығы қаралады. Бірнеше баланы асырап алуға сіздің үйіңіздің жалпы көлемі, бөлме саны немесе жалақы мөлшеріңіз сәйкес келмесе, қорғаншылық және қамқоршылық органы оң қорытынды бермеуі мүмкін. Сонымен қатар бала асырап алу ісі жабық сот отырысында қаралғанмен қорғаншылық және қамқоршылық органының міндетті түрде қатысуымен өткізіледі. Сот процесі соңында төраға қорғаншылық және қамқоршылық органының ойын тыңдайды. 

       Өзара туыстық қатынасы жоқ асырап алынған балалардың арасында ағалы-інілі және апалы-сіңлілі (қарындасты) сияқты құқықтар мен міндеттер пайда болады. Сол себепті олар бір-бірімен үйлене алмайды. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптық) және отбасы» Кодексінің 11 – бабының 4- тармағына сәйкес, бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың араларында неке (ерлі-зайыпты болуына) жол берілмейді. 

        Асырап алу балалардың мүдделеріне сай келетін және балалар өзінің туыстығы туралы білмейтін жағдайларды қоспағанда, бір отбасында тәрбиеленген ағалы-інілер мен апалы-сіңлілерді (қарындастарын) әртүрлі адамдардың асырап алуына жол берілмейді. Ағайындыларды бөлуге болмайды. Тіпті төрт ағайынды болса да, төртеуін бірге бір отбасы асырап алулары қажет.  Ал егер балалар өздерінің туыстығы туралы білмейтін болса, онда әртүрлі адамдардың асырап алуына жол беріледі.           

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

әскери сотының бас маманы М.Аккузова

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив