Елордалық полицейлер «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасын өткізуде

Елордалық полицейлер «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасын өткізуде

Елорданың ювеналды полиция қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізуде. Аталған іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерлерде болуына жол бермеу.

Тәртіп сақшылары қоғамға жат әрекеттерді анықтау мақсатында үйлердің аулаларын, саябақтарды, скверлерді және жастар мен кәмелетке толмағандар шоғырланатын басқа да орындарды тексереді.

Жергілікті рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері түнгі қала бойынша заңды өкілдерсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтады. Іс-шара басталғалы ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша ескертуді қолдана отырып, заңды өкілдерге 120 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болуына жол беру фактісі анықталды.

Мәселен, ағымдағы жылдың 27 маусымында сағат 23.25 шамасында Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының ювеналды полиция инспекторлары Алтынсарин көшесіндегі «Brothers» компьютерлік клубын тексеру кезінде полиция капитаны Агиля Бескемпірова бос уақытын виртуалды ойындар ойнап өткізген 11 жастағы кәмелетке толмаған баланың болу фактісін анықтады. Жасөспірімнің анасы мен ойын-сауық мекеменің иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, мұндай фактілерге жол бермеу және карантиндік шараларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Рейд барысында 60 нысан әкімшілік және қылмыстық заңнама нормаларын түсіндіру бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізе отырып, балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау тұрғысынан тексерілді.

Тәртіп сақшылары ата-аналар мен мекеме иелері кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Нұр-Сұлтан қ. ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив