Таразда нашақорлыққа қарсы күрес күні атап өтілді

Таразда нашақорлыққа қарсы күрес күні атап өтілді

Таразда Қ. Рысқұлбеков атындағы саябақта Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай кең ауқымды акция өтті.

Акцияға Тараз қаласы әкімінің м. а. Қайрат Исмаил, Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев, қоғамдық белсенділер, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты.

Айта кетейік, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған республикалық айлықтың ресми ашылуы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сәденовтің қатысуымен өткен болатын.

Айлық барысында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, жамбылдық полицейлермен бірқатар профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде спорттық-мәдени, қайырымдылық іс-шаралары, семинарлар, кездесулер мен дәрістер ұйымдастырылды, полицейлер есірткі өртеді.

Сондай-ақ, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің, салалық мамандардың кеңес беруімен ашық есік күндері өтті.

⁃ Нашақорлықтың алдын алу және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Халықтың психобелсенді заттардың зияны туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған осындай іс-шаралар азаматтардың есірткі заттарын тұтынудан бас тартуына ықпал етеді.   Облыстың барлық тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытуға және бірлескен күш-жігермен өскелең ұрпаққа барынша үлгі көрсетуге шақырамын, - деді Нұржан Рахметуллаев.

Акция барысында айлыққа белсенді қатысқаны үшін мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, еріктілер марапатталды.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін Полиция департаментінің арнайы бөлініс қызметкерлерінің, кинологтардың көрсетілімдері қойылды.

Барлық қатысушыларға полиция қызметкерлері балмұздақ таратты. Сонымен қатар концерттік бағдарлама дайындалды.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 284 есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан 900 келіге жуық есірткі заты алынып, 23 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды.  Жамбылдық полицейлер алдағы уақытта да осы бағытта кешенді және жүйелі жұмыстар жүргізетін болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив