СҚО-да іздеудегі қылмыскер масаң күйінде такси рөлінде ұсталды

СҚО-да іздеудегі қылмыскер масаң күйінде такси рөлінде ұсталды

Қылмыскерлерді іздестіру – полиция жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі. Оларды іздеуге халықпен қарым-қатынас жасайтын барлық қызметтер тартылады. 27 наурыз күні түнде Шал ақын ауданында патрульдік полиция тобының қызметкерлері тексеру мақсатында таксиді тоқтатқан. Рөлде отырған жігіттен спирттік ішімдіктің иесі сезілген. Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті. Анықталғандай, ол Қызылжар ауданының 27 жастағы тұрғыны болып шыққан. Көлік жүргізу құқығы жоқ  тұрғын таксиде жолаушы ретінде келе жатып, жүргізушіден рөлге отыруға сұранады. Абырой болғанда, көлік апаты орын алған жоқ. Аудандық сот шешімімен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша: біреуіне – көлікті масаң күйде басқарғаны үшін 20 тәулікке қамауға алу, екіншісіне – көлік құралын масаң күйдегі адамның басқаруына бергені үшін 15 тәулікке қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

«Аталған азамат шартты-мерзімінен бұрын босату режимін ұдайы бұзғаны үшін пробация қызметі желісі бойынша іздеуде жүр, - деді аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Мұхамбетжанов. – Бұдан бөлек, үш алаяқтық бойынша Екінші полиция бөлімі қызметкерлерінің күдігіне іліккен. Тергеу оның басқа да қылмыстарға қатысын тексереді».

Жалпы жыл басынан облыс полицейлері 14 қылмыскерлерді іздеп тапты.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив