СҚО-да екі зейнеткер азаматтық алды

СҚО-да екі зейнеткер азаматтық алды

Көші-қон қызметінің қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында құжатсыз жүрген екі азаматты анықтады. Ауыл тұрғындары 1974 жылғы үлгідегі төлқұжатты жоғалтып, жеке тұлғаны куәландыратын құжатты уақтылы ресімдемегені анықталды.  Қарағанды облысының 64 жастағы тумасы соңғы рет төлқұжатты 1981 жылы алған және полицейлер бұл фактіні анықтағаннан кейін ғана құжаттандырылды. Дәл осындай жағдайға Жамбыл ауданы Мирное ауылының тұрғыны да тап болған. Көші-қон қызметінің қызметкерлері 62 жастағы ауыл тұрғынына құқықтық мәртебесін реттеуге көмек көрсетті. Полицейлер ҚР мемлекеттік мекемелеріне тиісті сұраулар жолдаған. Жақында Жамбыл ауданының екі тұрғыны ҚР азаматтары болып танылды. Жамбыл ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Асан Мейрамов отандастарын құттықтап, көптен күткен жеке куәліктерін табыстады.

«Қазіргі уақытта солтүстікқазақстандықтар құжаттандырылғаннан кейін зейнетке шығуға құжат ресімдейді,– деді Жамбыл ауданы ПБ бастығы полиция полковнигі Асан Мейрамов. – Бірде-бір адам ішкі істер органдары қызметкерлерінің құзыретіне кіретін мәселемен бетпе-бет қалмауы тиіс, сондықтан адамдарға көмек көрсету полиция жұмысындағы басымдықтардың бірі болып табылады».   

Жыл басынан облыста солтүстікқазақстандық полицейлер ҚР азаматтарына 8 мыңнан астам жеке куәлік табыстады. ҚР азаматтығын 16 шетел азаматы алды. 7 адамның қолында тек КСРО паспорты болған, кейін олар құжатталды. 146 келген адам тұруға ықтиярхат ресімдеп, 36 адам ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат алды. Уақытша 834 шетелдік тұрады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив