Жамбылдық полицейлер медицина қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс жасауда

Жамбылдық полицейлер медицина қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс жасауда

 

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дәрігерлермен бірлесіп, нашақорлықтың алдын алу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Өткізілген кезекті конференцияда

Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында есірткінің таралуына қарсы күресте мүдделі ведомстволардың өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Конференцияға облыстық психикалық денсаулық орталығының, білім басқармасы, С.Асфендияров атындағы ҚҰМУ филиалы, "ZHANUYA" емханаларының, №2, №5, №6, №8 қалалық емханаларының, “Almaz Medical Group" ЖШС, "Садыхан" ОКДМЦ ЖШС-нің қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға, оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алуға қатысты өзекті мәселелер көтерілді.

- Мұндай кездесулер жалпы жұмыс алгоритмін жасауға көмектеседі. Денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлерімен тығыз және өзара тиімді ынтымақтастық орнату барлық бағыттар бойынша алдын алу жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді, - деді облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив