Жамбылдық полицейлер жастар арасында нашақорлыққа қарсы күреске қатысты дәрістер өткізуде.

Жамбылдық полицейлер жастар арасында нашақорлыққа қарсы күреске қатысты дәрістер өткізуде.

2021 жылдың 13 қазанында "Қарасора-2021" республикалық жедел- алдын алу іс-шарасы аясында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, сондай-ақ Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы қызметкерлерінің қатысуымен "Есірткісіз болашақ" тақырыбында Қазіргі заманғы гуманитарлық-технологиялық колледжінің студенттеріне дәріс өткізді.

Дәрістің мақсаты: жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күресті күшейту.

Дәріс барысында есірткіге қарсы бейнероликтер көрсету арқылы студенттерге есірткі және синтетикалық есірткіні қолданудың зияны мен салдары туралы айтылып, есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстық заңнаманың талаптары жеткізілді.

Полиция қызметкерлері қатысушыларды еліміздің азаматтары мен болашақ ұрпақтың денсаулығына қауіп төндіретін есірткінің таралуынан туындайтын жалпы проблемалардан тыс қалмауға шақырды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив