Жамбылдық  полицейлер облыстың бірнеше тұрғынын алдап кеткен алаяқты ұстады

Жамбылдық полицейлер облыстың бірнеше тұрғынын алдап кеткен алаяқты ұстады

Тараз қаласының полиция бөліміне бірнеше азамат арызданған. Олар 2021 жылдың қараша айында екі әйел өздерін азық-түлік тауарларын көтерме бағамен сататын өкілдер  ретінде таныстырып, сенімге кіріп, алдау арқылы ақшаларын иемденіп кеткені туралы  хабарлады. Келтірілген залалдың жалпы көлемі 7 000 000 теңгеден асты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 23 пен 42 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады, олардың біреуі қамаққа алынды. Ұсталғандар кінәсін толық мойындады.

Аталған дерекке қатысты  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Аталған қылмысты жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындардан бейтаныс адамдармен ірі көлемде мәміле жасауда өте сақ болуды  ескертеді.

Егер сіз осындай қылмыстың құрбаны болсаңыз, полицияға "102" тетігіне немесе аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарласыңыз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив