СҚО полицейлері «Stop трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді

СҚО полицейлері «Stop трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді

СҚО-да криминалдық полиция қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе халық жиналатын орындарды тексерді. Қонақ үй және монша кешендері, ойын-сауық орындары – сексуалдық пайдалану фактілерінің жасалу мүмкіндігі жоғары барлық орындар басты назарда болды. Екі саунада жеңгетайлық фактілері анықталды. Сондай-ақ, қайыршылардың жүретін жері – сауда орталықтарының маңы, базарлар мен вокзалдар тексерілді. Олар еңбек күшін пайдалану фактілерін болдырмау мақсатында назарға алынды. Аталған фактілер анықталған жоқ, дей тұрғанымен, облыс бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы 1-б. «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша 46 хаттама толтырылды. Бұзушылардың басым бөлігі – масаң күйде болған адамдар.

«Облыста өткізілген «Stop трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі осындай», — дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. — Оның мақсаты — адам саудасымен, сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсетуге мәжбүрлеу және еңбекке тартумен байланысты қылмыстарды анықтау мен жолын кесу. Егер де осындай фактілер туралы қандай да бір ақпарат белгілі болған жағдайда 116-16 адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі «қызу желіге», «102» арнасына немесе «102» мобильді қосымшасына хабарлауды сұраймыз.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив