5 күннің ішінде СКО полицейлері бір килограмға жуық есірткі тәркіледі

5 күннің ішінде СКО полицейлері бір килограмға жуық есірткі тәркіледі

21-ші және 25-ші  ақпан аралығында полицейлер 9 медициналық мекемені,  36 дәріхананы және 6 кәсіпорынды тексерді.  Бұл уақытта облыс аумағында "Дәрмек"  жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі өткізілді.  Мақсаты- заңды айналымдағы құрамында есірткі бар заттардың заңсыз қолданысқа өтуін болдырмау.  Есірткі заттарын және прекурсорларды  сақтау және олардың айналымы саласында 12 құқық бұзушылық анықталды.  Жауапты тұлғаларға қатысты әкімшілік материалдар жинастырылып,  шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жіберілді.

Бұнымен қоса,  есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл желісі бойынша жұмыс жалғастырылды.  "Жедел-профилактикалық іс-шарасының 5 күнінде 8 есірткі құқық бұзушылығы анықталды,  оның 2-уі сату фактісі және 2-уі аса ірі көлемде есірткі сақтау фактісі,- деп хабарлады СКО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев.- Жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде заңсыз айналымнан 1 кг жуық түрлі есірткі заттары тәркіленді".

СКО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив