Петропавлда кәсіпкерлік объектілерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды

Петропавлда кәсіпкерлік объектілерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды

Кәсіпкерлік объектілерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен байланысты ойын-сауық мекемелерінің жұмыс уақыты, пәтерлер бюросы жұмысы мен басқа да мәселелер «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында талқыланды. «Диалогтің мақсаты дағдарыс жағдайы туындаған кезде бірлескен іс-қимыл алгортимін жасау және құқық бұзушылыққа жағдай жасайтын алғышартты жою. Барлығымыз күш біріктіріп, қоғамдық қауіпсіздікті, кәсіпкерлердің мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, заң бұзушылықтарға жол бермеуіміз қажет», - деп тоқтала кетті СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев.

Құқықтық тәртіпті нығайтудағы негізгі көмек бейнебақылау жүйесі болып табылады, сондықтан полицейлер кәсіпкерлердің камераларды барынша қолдану қажеттілігіне көңіл аударады. Осындай «көмекшілер» кәсіпкерлік объектілерінің бәрінде бар деуге болмайды. Кездесудің қатысушылары атап өткендей, камералар мен дабыл батырмаларының болуы туралы талаптар заңнамамен тек террористік тұрғыда осал объектілерде ғана көзделген. Мұндай объектілерге ойын-сауық мекемелерінің бір бөлігі ғана жатады. Солтүстік Қазақстан облысында 700 аса осындай объекті бар, оның 100 астамы кәсіпкерлік объектісі.

Түнгі сағат екіден кейін жұмыс істейтін кейбір ойын-сауық мекемелерінің жұмыс режимі полицейлердің наразылығын туғызады. Атап айтқанда, осы уақыт аралығында бұзақылық, төбелес пен басқа да құқық бұзушылық жиі орын алады. Қалалық полиция басшылығы туындаған жағдайды ескере отырып, «түнгі» дәмханалардың жұмыс режимін қайта қарауды ұсынды. Бұдан бөлек, кездесудің қатысушылары атап өткендей, ойын-сауық мекемелерінің барлығы бірдей күзет, сигнализация батырмасын қоймаған.

Кездесу шеңберінде тәулік бойы жалға берілетін пәтер мәселесі тағы бір тармақта талқыланды. Сонымен қатар, полицейлер түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу фактісіне көңіл аударды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив