Елордалық полиция қызметкерлері әйелдерді тонаған ер адамды ізін суытпай ұстады.

Елордалық полиция қызметкерлері әйелдерді тонаған ер адамды ізін суытпай ұстады.

Елордалық полиция қызметкерлері кешкі уақытта 18 жастағы қызға шабуыл жасаған 60 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстады.

Жәбірленушінің айтуынша оқиға  сағат 22.00-де орын алған. Белгісіз ер адам артынан жүгіріп келіп жерге құлатпақшы болған және қолынан ұялы телефонын тартып алғысы келген. Көмек сұрап айқайлаған дауыс өтіп жатқан адамдардың назарын аударған. Қылмыскер қорыққаннан оқиға орнынан жасырынып кеткен.

Тонау жасауға оқталғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін полиция қызметкерлері оқиға орнына тез арада шығады. Жедел- іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды.

Полицияға жеткізілген күдіктіні жәбірленуші таныды. Полиция тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ұсталған адамның белгілері бұрын екі әйел адамға шабуыл жасап оқиға орнынан қашып кеткен тонаушыға келетінін анықтады.

Жәбірленушілердің бірінің айтуынша кешке жақын үйіне келе жатқанда белгісіз адам басынан бірнеше рет ұрып, қолынан ноутбугын, жеке заттары салынған  сөмкесін, ұялы телефонын тартып алған. Содан соң белгісіз бағыттта жасырынып кеткен. Екінші жәбірленушінің айтуынша үйіне қайтып келе жатқанда қарсы келе жатқан ер адам қасынан өтіп кетіп, кенеттен артқа қайтқан. Артынан келіп,  ұялы телефонын тартып алған. Ұсталған адам Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Жасаған іс-әрекетін мойындады.

Әйелдердің бірінің ноутбугын және жеке заттарын жерге көміп тығып қойған.

Ұсталған адам Уақытша ұстау изоляторына  қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. 

Пресс-служба ДП г.Нур-Султана

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив