Қызылордада сотталғандар ағаштан жиһаз жасап жатыр

Қызылордада сотталғандар ағаштан жиһаз жасап жатыр

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 (қауіпсіздігі барынша төмен) мекемесінің әкімшілігі сотталғандарды жұмыспен қамтуда көптеген игі шараларды жүзеге асыруда. Мекемеде жазасын өтеп жүрген азаматтарды жұмыспен қамту, жаңа жұмыс көздерін ашу мақсатында   жеке кәсіпкерлермен әріптестік қарым-қатынас орнатылуда. Соның нәтижесінде мекемедегі жазасын өтеушілердің 77.7 пайызы жұмыспен қамтылған.

Жуырда мекеменің сотталғандарды жұмыспен қамту қызметкерлері үш сотталғанды  Қызылорда қаласындағы «Сыр жиһазы»  кәсіпорнына жұмысқа орналастырды.Цехта сотталғандар басқа да азаматтар ағаштан түрлі бұйымдар, есік, терезе, жиһаздар жасайды.  Кәсіпорынға бас сұққанымызда сотталғандар ағаш өнімдерінен  ағаштан есік дайындалып жатыр екен. Бір сотталған есікті өлшемін алып дайындап жатса, келесі сотталған дайын есікті сүрлеп, лактеу жұмысымен айналысып жатыр. Жазасын өтеуші  ағаштан түйін түйген Бақытбектің айтуынша мамандығы ағаш ұстасы болған соң, ағашпен жұмыс жасау қиындық тудырмаған. Бала күнімде әкемнің жанында жүріп, үйренгенім көп болды. Жалпы ағаштан түйін түйіп, ерекше бұйым дайындау шыдамдылықты, төзімділікті талап етеді. Айлық жалақымыз да уақытылы дейді сотталған азамат.

Мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Айбол Махашевтің айтуынша 30 кәсіпкермен келісім-шарт негізінде сотталғандар жұмыспен қамтылған. Олардың айлық табысының 50 пайызы мемелекетке, жеке тұлғаға келтірген шығындарын төлейді, ал қалған бөлігін өздеріне, отбасыларына жаратады. Алдағы уақытта жазасын өтеушілерді көбірек еңбекке тартып, 100 пайыз жұмыспен қамту  жоспарда бар дейді.

Дана Достанова

Қызылорда  облысы бойынша ҚАЖД

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

10 пікір

  1. аватар
    Brock 6 октября 2023 23:05

    I'm gone to convey my little brother, that he should also go to see this webpage on regular basis to take updated from most up-to-date information.

    Feel free to surf to my web blog: Douglas

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив