Қызылордада сотталған азаматтар автокөліктердің қосалқы бөлшектерін жасап шығаруда

Қызылордада сотталған азаматтар автокөліктердің қосалқы бөлшектерін жасап шығаруда

Түзеудің түпкі бір әдісі – сотталғандарды еңбекпен тәрбиелеу. Қызылорда облысы бойынша  Қылмыстық -атқару жүйесі департаментінің алдына қойған басты міндеттерінің бірі де осы. Яғни, сотталғандарды қайта тәрбиелеу арқылы олардың түзу жолға түсуіне барынша ықпал жасайды. Бүгінде бір ғана ЗК-169/5  түзеу мекемесінің өндіріс аймағында 13 кәсіпкер жұмыс көздерін ашып, сотталғандарды жұмыспен қамтып отыр.

Мекеме әкімшілігі сотталғандарды икем дағдыларына, білімдеріне қарай жұмыспен қамтуда.  Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап 4 сотталғанды жұмыспен қамтыған  «Ердаулет» жеке кәсіпкерлігі жеңіл автокөліктердің қосалқы бөлшектерін (бампер, салон т.б) жасап нарыққа шығаруда. Қазір сотталғандардың  қолынан шыққан бөлшектерге жақын шетелдерден (Тәжікстан, Қырғызстан) тапсырыстар түсіп жатыр.

Ашылғанына 2 ай ғана болған өндіріс орнында «Mercedes-Benz», « Sprinter», BMW автокөліктерінің түріне ғана шақталған матрица бар. Матрица дегеніміз кәдімгі қалып.  Автокөліктің қосалқы бөлшегі бампердің жасалу жолын сотталған азамат жіті түсіндіріп берді. Алдымен қалыпты арнайы ертіндімен жуып тазалып  алып, өнімді қалыпқа құяды екен. Оның айтуынша, құйылған бамперлер мықты, карбоннан жасалғандар темірден екі есе жеңіл, төрт есе мықты дейді. Аптасына 2-3 бампер шығарамыз деп,  автокөліктерінің дайын бамперлерін көрсетті.  Тапсырыстарды дер кезінде жасауға тырысамыз дейді ол.

 «ЗК-169/5 мекемесіне кәсіпкерлерді тарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде,  бүгінде мекеменің өндірістік  аймағында 13 кәсіпкер жұмыс жасап, 232 сотталғанды жұмыспен қамтып отыр. Онда сотталған азаматтар әк өндіру, нан цехы,  газоблок, кірпіш, құм блоктарын өндіру, колөнер мен аяқ киім тігумен айналысады. Жуырда автокөліктердің қосалқы бөлшектерін дайындайтын өндіріс орны ашылды. Әзірге төрт сотталғанды жұмыспен қамтып отыр. Жеке кәсіпкер тарапынан басқа да автокөліктердің матрицаларына тапсырыс берілген. Тапсырыс келіп жатса, жұмысшылар санын көбейтпекші.Бұл дегеніміз жұмысқа қабілетті сотталғандарды жұмыспен қамтудың тиімді жолы»,- деді мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ж.Ауешов. 

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.