Тергеу изоляторында « Өткен күндер белгісі» тақырыбында ерлік бұрышы жинақталды

Тергеу изоляторында « Өткен күндер белгісі» тақырыбында ерлік бұрышы жинақталды

   Аға ұрпақтың тарихи мұрасын сақтау және музей қорын толықтыру мақсатында, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінің(тергеу изоляторы)  кадр саясат тобының ұйымдастыруымен « Өткен күндер белгісі» деген тақырыпта ерлік бұрышы дайындалды. Бұл игі іске алғаш болып, үн қосқан мекеме бастығы, әділет подполковнигі А.Тасқараев болды. Ішкі істер саласында үздіксіз 25 жыл жұмыс жасаған білікті, өз қызметіне адал басшы, 2017 жылы өз қолымен жасап жинақтаған фотоальбомын ұсынды. Альбомда мекеме ғимаратының барлық дерлік бөлімдеріндегі бөлмелердің күй-жағдайы және онда жұмыс жасайтын қызметкерлер түскен суреттер жинақталған.

- 2000 жылдан бастап пайдалануға берілген изолятор ғимаратының өзіне міне, 20 жылдан астам уақыт өтіпті, бүгінде суреттердегі мекеме бейнесі мүлдем жаңаша кейіпте. Әр күн тарих деген осы. Жеке құрамға патриоттық тәрбие беруде осы альбом өткен күннің белгісі боп қалсын деп, өз қолыммен жинақтап қойған болатынмын-деп, қолдау көрсетті.Басшысының бастамасынан кейін, әділет аға лейтенанты М.Тұрымбетов белсенділік танытып, әр ардагердің отбасына барып, құнды дүниелерді жинақтады. Ішкі істер саласына, соның ішінде тергеу изоляторына еңбегі сіңген қарт мамандардың кезінде пайдаланған заттары, мақтау қағаздары, жылдар шежіресінен сыр шертер суреттер мен киген киімдеріне дейін алып келіп, кадр бөліміне тапсырды. Жинақталған құнды дүниелер бойынша, мекеменің кадр саясат тобының аға инспекторы Д. Шахи жеке құрамға көрме ұйымдастырды. Көрмеге қойылған заттар, ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып, отставкадағы полковниктердің жеке мұрағатынан алынды.Қылмыстық атқару жүйесінің ерлік жылнамасын паш ететін материалдар мен қастерлі экспонаттардың тарихи құндылығы жайлы мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Қ.Олжабаев погондағы жас қызметкерлерге осы дүниелерді жеке-жеке таныстырып шықты.

Жас ұрпақты рухани-адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу, жастарды мұражай мәдениетіне тарту, тарихын сүю, еліне деген мақтаныш пен Отаншылдық сезімін ояту, тарихи кезеңдер мен материалдық-рухани құндылықтармен таныстыру үшін  бүгінгі ұйымдастырылған көрменің маңызы зор болды – деп,қорытындылады. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив