Мекеме бастығы қамаудағы азаматтардың туыстарымен кездесті.

Мекеме бастығы қамаудағы азаматтардың туыстарымен кездесті.

      Бүгін, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі А.Тасқараев мекеме қамауындағылардың туыстарымен кездесті. Басты мақсат: құқық бұзып, істі болғандардың  туыстарына, яғни тергеудегі, айыпталушы және сотталған азаматтарға,  мекеме тарапынан екпе салу науқаны қалай жүргізіліп жатқандылығы жайлы ақпарат беру болды.

 Кездесу барысында,  алдымен өзін таныстырып өтіп :

  • Мекеме – жазаланушы әрбір азаматтың денсаулығына жауапты. Сондықтан,  жұқпалы аурудың қайта өршуіне байланысты вакцина салу жұмысы белсенді түрде қолға алынып жатыр.  Екпе  салдырардан бұрын, оларға  түсіндірме жұмыстары өткізіліп, денсаулықтары тексеріліп, өз еріктерімен жүргізілуде.  Және ең бастысы бұл жауапты істі медицина бөлімінің қызметкерлері,қаламыздағы №6 қалалық емхана дәрігерлерінен жасақталған жылжымалы мобилді топтарымен бірлесе отырып  атқаруда –деді мекеме бастығы.

 Сонымен қатар, келушілердің арасынан қойылған сұрақтарға жауап берген мекеме бастығы, арнайы есепте тұрғандарға  науқастығына байланысты, вакциналану уақытша тоқталып тұрғандығын  айтты.  Және мекеме аумағына кірерде барлық санитарлық нормаларды сақтап жүруін талап етті.

   Жиын соңында, жұқпалы індет туралы халық  арасында әртүрлі алып-қашпа пікірлер жүргендіктен, біршама жұрттың  вакцина алуға жауапкершілікпен қарамайтындығын, сондықтан да, кездесуге келген азаматтардың, қапастағы туыстарына, шындыққа негізделген ақпаратты жеткізуін сұрады.

Тергеу изоляторы жұмысының ашықтығын көрсететін мұндай кездесулер алда жалғасын таба бермек.  

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив