СҚО полицейлері ұрланған автокөліктерді анықтауға автошеберханалар мен тұрақтарды тексеруде

СҚО полицейлері ұрланған автокөліктерді анықтауға автошеберханалар мен тұрақтарды тексеруде

Айдап әкету және автокөлікпен байланысты өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді ашу және алдын алу – 16 тамыздан бастап СҚО полицейлері «Автомобиль» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеуде.

Гараждар, авто тұрақтар, авто бөлшектеп сату орындары, базарлар, шеберханалар – жедел уәкілдер криминалға қатысы бар автокөліктер мен қосалқы бөлшектердің болуы мүмкін жерлерді тексереді. Жауап алу, есепке қою және барлық мәліметтердің талдауы қылмыстарды ашу кезінде қажетті ақпаратты жаңартуға мүмкіндік береді. Қазір облыс бойынша 14 жедел-іздестіру тобы жұмыс істейді, операцияның үш күні ішінде 123 пунктті тексерді, олар – техникалық қызмет көрсету станциялары, автошеберханалар, бөлшектеп сату пункттері мен автотұрақтар. 581 автокөлік құралы тексерілді. Нәтижесінде Ресей аумағында іздеуде жүрген 4 шетелдік көлік анықталды. Мән-жай анықталуда, іздеу бастамашысына ақпарат тапсырылды. Автомашиналар тәркіленіп, Петропавл қаласындағы арнайы тұраққа қойылды.

Сонымен қатар, «Автомобиль» іс-шарасы аясында қалалық және аудандық полицейлер бұрын жасалған үш қылмысты, оның ішінде «өткен жылдар» санатындағы қылмысты ашты. «Opel» маркалы екі автокөлік пен «Audi 80» маркалы бір көлікті полицейлер іздестірді; әр факті бойынша көлік ұрлаудағы күдіктілер ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Агрегаттардағы сәйкестендіру нөмірлерін жою және түзетуге мамандандырылған шеберханалардың болуы мүмкіндігін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Сондай-ақ металл қабылдау пункттері, көлік аз тыныш аудандардағы көлік қоятын орындар мен аулаіші аумақтар тексеріледі. Автокөлік ұрлағаны үшін бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылған азаматтармен профилактикалық әңгіме жүргізіледі. «Автомобиль» жедел-профилактикалық іс-шарасы 22 тамызға дейін өткізіледі», - деп нақтылап өтті СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов. 

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив