Жамбыл облысында көлік ұрлығы 40 пайызға азайған

Жамбыл облысында көлік ұрлығы 40 пайызға азайған

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов ағымдағы жылдың 3 айында өңірде автокөлік ұрлығы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40%-ға азайғанын хабарлады.

«Жүргізілген кешенді жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде бұл қылмыс түрінің төмендеуіне қарамастан, тұрғындар сақтық шараларын ұмытпау қажет.

Көбінесе автокөліктер түнгі уақытта тұрғын үйлердің маңайындағы тұрақтарда ұрланады. Қылмыскерлер көлікке есігін бұзу немесе терезесін сындыру арқылы кіреді.

Мәселен, жуырда Тараз қаласының тұрғыны үйінің жанында тұрған көлігінің ұрланғаны туралы хабарлады. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қылмыскерлердің көлік салонына есікті бұзу арқылы кіргенін анықтады.

Полицейлер ізін суытпай тараздық екі тұрғынды қолға түсірді. Олар өз кінәсін толық мойындады. Күдіктілер автокөлікті бөлшектеп сатуды жоспарлаған.

Осы орайда, автокөліктерді ұрлауға жол бермеу шаралары туралы еске салғым келеді.

Көлікті ұрлықтан қорғаудың бірнеше әдісі бар: айдап әкетуге қарсы жүйе мен дабыл құрылғысын орнатыңыз, кешке және түнде автокөліктерді жақсы жарықтандырылған орындарға және көрінетін жерлерге қою керек, ақылы күзетілетін тұрақтарды қолданыңыз, көлікте қылмыскерлердің назарын аударатын заттарды қалдырмаңыз.

Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, автокөлік ұрлықтарына жол бермеуге болатынын естен шығармайық!» - деп атап өтті ПД бастығы.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив