Сауатты  учаскелік полиция инспекторы-ауыл тұрғындарының тыныш өмірінің кепілі

Сауатты учаскелік полиция инспекторы-ауыл тұрғындарының тыныш өмірінің кепілі

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ж.Қ. Сүлейменовтің атына Қордай ауданы Әлжан Ана ауылының тұрғындарынан хат келіп түсті. Олар учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Сейлбек Садырбаевтың адал қызметін атап өтіп, оны  марапаттау туралы  басшылыққа өтініш білдірген.

Ауыл тұрғындары былай деп жазады: "С.Садырбаев 2018 жылдың соңында учаскелік инспектор болып тағайындалды. Оның сауатты кәсіби қызметінің  нәтижесінде  біздің кентте тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар саны азайды".

Бұдан әрі олар полиция капитанының құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңдылықты сақтау, халықпен жиі кездесулері және проблемалық құқықтық мәселелерді шешудегі  ұйымдастырушылық қабілеттері турасында, сондай-ақ  жүргізіп жатқан  нәтижелі жұмысын атап көрсеткен.

Мәселен, полиция капитаны С.Садырбаев ауылдың жас белсенділерімен бірге имамның, ақсақалдар мен билер кеңесінің төрағасының белсенді қолдауымен жергілікті кәсіпкерлерге жергілікті тұрғындар алкогольді асыра пайдаланбауы үшін дүкендерде спирттік ішімдіктерді сату санын қысқарту туралы ұсыныспен шыққан. Учаскелік полиция инспекторының  бұл бастамасын жергілікті тұрғындар қолдады, олар мұндай өмірлік маңызды мәселелерді бірлесіп шешуге болатындығына көз жеткізді .

Хаттың соңында ауыл тұрғындары облыстық Полиция департаменті мен Қордай АПБ басшыларына кәсіби кадрлары үшін алғыс білдіріп, оларға мықты денсаулық және халық игілігі үшін атқарып жүрген  қиын қызметінде   сәттілік  тілейді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив