Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы учаскелік полиция инспекторларының байланыс нөмірлерін жариялады

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы учаскелік полиция инспекторларының байланыс нөмірлерін жариялады

 

Жамбыл облысы  Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев өз фейсбук парақшасында өңірдегі барлық учаскелік полиция инспекторларының жеке мәліметтерін, байланыс нөмірлерін және олардың бекітілген әкімшілік аумақтары туралы ақпараттарды жариялады.

Сондай-ақ, Департамент бастығы тұрғындарды кезкелген заңбұзушылыққа немқұрайлы қарамай, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция қызметімен бірлесе атсалысып, азаматтық көзқарастарын білдіруге шақырды.

Арман Оразалиевтің хабарламасында: «Қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде учаскелік полиция инспекторларының маңызызор. Осығанорай, Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы Тұрғынбаевпен 2020 жылучаскелік полиция инспекторларының жылы болып жарияланды.

Біз бүгін Тараз қаласындағы барлық учаскелік полиция инспекторларының жеке мәліметтерін, байланыс нөмірлерін және олардың бекітілген әкімшілік аумақтары туралы ақпараттарды жариялайтын боламыз.

Сіздер тәуліктің кез-келгенуақытында учаскелік инспекторларға мәселелербойынша хабарласып, жедел әрі тиімді көмектің көрсетілуіне сенім білдірулеріңізге болады.

Соны менқатар, кейбір бес мыңнан астам адам тұратын учаскелік аумақтарда инспектордың әр бір тұрғынмен жеке танысуға мүмкіндігі бола бермейді.

Сондықтан, Сіздерге аумағыңызға бекітілген учаскелік инспекторға өздеріңіз хабарласып, өзара байланыс орнатуларыңызды сұраймын. Бұл өз кезегінде, полиция қызметкеріне қауіпсіздік пен тәртіпке қатысты күтпеген жағдайлардың алдыналуға және мәселелердің оң шешімін табуға мүмкіндік береді.

Сіздің хабарламаңыз назарға алынбаған жағдайда, фейсбук парақшам арқылы маған жеке жүгінуіңізге құқығыңыз бар. Кінәлі учаскелік полиция инспекторына қатысты қатаң шаралар қолданылатын болады», -делінген.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив