Сот шешімі

Сот шешімі

Сот жүйесін жаңғырту және Мемлекет басшысы бастамашылық жасаған Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде қабылданған заңнаманы жетілдіру жөніндегі шаралар судьялардан жұмысқа ерекше және жауапты көзқарасты талап етеді.

Бұл талап іс жүргізу құжаттарын ресімдеуге тікелей қатысты. Бірінші кезекте әкімшілік істер бойынша сот төрелігін іске асырудың нәтижесі көрініс табатын сот шешімі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабына сәйкес, соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.

Соттың әрбір шешімі- конституциялық құқықты іске асырудың нәтижесі.

Қазіргі уақытта Жоғарғы Сотпен ақпараттық жүйе құрылды, онда барлық деңгейдегі сот актілері орналастырылды, осыған сәйкес әрбір іс бойынша сот шешімі қоғамның игілігіне, зерделеу мен бағалау нысанына айналды.

Сот шешімі нысанында шығарылатын сот актісі әкімшілік істің мәні бойынша шешімін тапқандығын көрсететін іс жүргізу құжаты болып табылады. Шешім қысқаша нысанда шығарылуы мүмкін. Дауды мәні бойынша шешу дегеніміз талап қою арызында қойылған барлық мәселелер бойынша соттың шешім шығаруы. Дәл осы белгісімен сот шешімі ұйғарымнан ерекшеленеді. Сот шешімі заңдылық және негізділік талаптарына жауап беруі керек, яғни оны шығару барысында сотқа даулы құқықтық қатынастарды реттейтін материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданылуы туралы талап қойылады. Шешімнің өзі іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес құрастырылуы, шығарылуы және жариялануы тиіс.

Сот актісі нақты құрылымға ие, стилистикалық және грамматикалық тұрғыдан дұрыс болуы керек.

Сондықтан, шешім қабылдау кезінде судьялар іс жүргізу заңнамасының сот шешімінің заңдылығы, негізділігі және уәжі туралы талаптарын орындауға ғана емес, сонымен бірге іс жүргізу құжатын сауатты жазуға және тиісінше ресімдеуге міндетті, бұл судьяның кәсіби мәдениетінің жоғары деңгейінің көрсеткіші, сот талқылауына қатысушыларға және басқа адамдарға құрмет көрсетуі болып табылады.

Сот шешімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) нормаларына сәйкес, оларда көзделген белгілі бір терминдер мен тұжырымдарды қолдана отырып жасалуға тиіс.

Қолданыстағы заңмен сот шешіміне екі негізгі талап қойылады: заңдылық және негізділік. Аталған ұғымдарға түсінік «Сот шешімі туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысының (бұдан әрі – нормативтік қаулы) 5) тармағында берілген.

Нормативтік қаулыдағы анықтамаларға сүйене отырып, процессуалдық құжат ретінде шешім екі компоненттен тұрады: факт мәселелері және құқық мәселелері.

Фактінің мәселелеріне: іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберін дұрыс айқындау және анықтау; іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденуі; шешімде жазылған сот қорытындыларының істің мән-жайларына сәйкестігі жатады.

Құқық мәселелеріне: тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиіс заңды айқындау; осы құқықтық қатынастарға қолданылуға жататын процестік және материалдық құқық нормаларын сақтау; қажет болған жағдайларда ұқсас қатынасты (заң ұқсастығы) реттейтін заңды қолдану; әкімшілік заңнаманың жалпы бастаулары мен мағынасын және адалдық, парасаттылық талаптарын негізге ала отырып, дауды әділ  шешу жатады (құқық ұқсастығы).

Осылайша, сот шешімін жасау әдістемесі кеңесу бөлмесінде құқық нормалары қолданылатын (құқықтық бағалау) сот отырысында белгіленген мән-жайларды жүйелі түрде ұсынуды көздейді.

ӘРПК-нің 151-бабына сәйкес, шешім әкімшілік істі талқылаудан кейін шығарылады және ауызша талқылау аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей дайындалады. Айрықша жағдайларда әкімшілік істің күрделілігі ескеріле отырып соттың шешімі ауызша талқылау аяқталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей дайындалады. Ауызша іс жүргізу үшін шешімді шығару күні -  әкімшілік іс бойынша шешім жарияланған күн, ал жазбаша іс жүргізу үшін – соттың шешімінде көрсетілген күн болып табылады.

Сот әкімшілік істің мән-жайларын тікелей зерттеу нәтижелеріне негізделген өзінің ішкі сенімінің негізінде шешім шығарады. Шешім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.

Соттың шешімі, егер ол заңның барлық талаптарын сақтай отырып және заңның негізінде шығарылса, заңды болып танылады. Егер шешім сотқа ұсынылған дәлелдемелерді сот отырысында жан-жақты және объективті зерттеу негізінде шығарылса, ол негізді болып танылады.

Сот шешім шығару кезінде келесідей мәселелерді шешуі тиіс.

Сот шешім шығару кезінде дәлелдемелерді бағалайды және қандай мән-жайлар анықталғанын, осы әкімшілік іс бойынша қандай құқықтық акт қолданылуға тиіс екенін және талап қоюдың қанағаттандыруға жататынын-жатпайтынын айқындайды. Егер әкімшілік істе бірнеше талап қойылса, онда сот барлық талаптар бойынша шешім шығарады.

Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік қалауды жүзеге асырған кезде сот Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерден асқанын-аспағанын және әкімшілік қалауды жүзеге асыру осы өкілеттіктің мақсаттарына сәйкес келетінін-келмейтінін де тексереді.

Әкімшілік актіні немесе оның бір бөлігін заңсыз деп тану, егер соттың шешімінде өзгеше көрсетілмесе, оның күшін жоюға, сондай-ақ одан не оның бір бөлігінен туындайтын барлық заңды салдарлардың күшін жоюға алып келеді.

Сот, егер талап қоюды қарау кезінде даулы әрекет (әрекетсіздік) жасалғанын, шешім құзыретіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданғанын анықтаса, оны қанағаттандырудан бас тартады.

Шешімде сол мерзім ішінде соттың шешімі орындалуға тиісті мерзім көрсетіледі.

Сот шешімді орындау кезінде түсініксіздік пен дау-дамай болмауы үшін шешімнің қарар бөлігін нақты және түсінікті түрде баяндауға міндетті.

Кез келген дау бойынша соттың сауатты, білікті сот шешімін жасауы үшін ӘРПК-де, нормативтік қаулыда, Жоғарғы Сот Төрағасының 2010 жылғы 17 наурыздағы өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы соттарының сот актілерін ресімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарында көрсетілген сот құжаттарын ресімдеуге қойылатын талаптарды қатаң сақтауы керек.

Заңнаманы үнемі жаңартып отыру, әлемнің озық елдерінің стандарттарына сәйкес сот төрелігі жүйесін жақсарту жағдайында бүгінгі күні сот шешімін жасау сапасына ерекше назар аударылуда.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы                                                                            Қымбат Алпысбаева

        

        

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

76 пікір

  1. аватар
    Silvia Бүгін, 02:41

    Card-based methods may be restricted to deposit-only functionality, meaning players who fund via Visa or Mastercard will need to select Bitcoin, eZeeWallet or bank wire for withdrawals.
    Players should note that maximum cashout caps may apply
    to specific bonus redemptions, with some terms limiting withdrawal to
    30x the original bonus amount. While BPAY offers excellent benefits,
    Australian players have several alternative payment options for online casino deposits and withdrawals.
    Wagering requirements, game restrictions, and time limits affect your ability to withdraw bonus winnings.


    References: https://forum.pulsecms.com

  2. аватар
    Janie Бүгін, 19:38

    Wurde beispielsweise schon dein Bankkonto genehmigt oder ein Skrill-Konto, kannst du dich für eine der
    Zahlungsmethoden entscheiden und auszahlen lassen. Um im Online Casino
    mit Sofortüberweisung
    einzuzahlen, benötigen die User
    lediglich ein normales Girokonto mit Online-Banking.
    Das Guthaben landet gewöhnlich innerhalb von Sekunden auf dem Spielerkonto, sodass
    du direkt loslegen kannst. In der Regel sind Angaben wie dein Vor- und Nachname,
    deine Anschrift, deine Telefonnummer, dein Geburtsdatum und deine E-Mail-Adresse erforderlich.
    Obwohl SlotMagie zu den Top Spielos und Top Casinos mit Sofortüberweisung gehört, musst du keine Einzahlung vornehmen, um mit dem Spielen zu beginnen.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.