Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы

Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы

 

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотында «Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы»  атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Аталған іс-шараға: Ювеналды соттың төрағасы Е.М.Дүйсенбаев, судья судья Т.С.Сұлтанова, судья А.Б.Бексұлтанова, Тараз қаласының прокуроры  М.Рахымбек, Жамбыл облыстық ІІД әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Қ.Қалжанов, Жамбыл облысының Полиция департаментінің Тергеу басқармасының тергеушісі Е.Е.Абдрахманов және Жамбыл облысы Полиция департаментінің өкілдері қатысты.                                                 

Ювеналды соттың төрағасы Е.М.Дүйсенбаев неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің ережелеріне сай кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту, мысалы, баланы тұрмыстағы, қоғамдық орындардағы мiнез-құлық қағидаларына үйрету, қоғамның моральдық және адамгершiлiк қағидаттарымен таныстыру жүктелген ата-аналардың немесе кәмелетке толмағандардың басқа да заңды өкiлдерінің ҚР ӘҚтК-нің 127-бабы бойынша жауаптылығы олар осы міндетті бұзған кезде басталатындығын айтып өтті. 

Сондай-ақ, 2020 жылдың 12 айында 269 әкімшілік іс қаралғанын және оның ішінде 212 әкімшілік іс бойынша айыппұл салынғандығын, 57 әкімшілік іс қысқартылып, 2 әкімшілік іс бойынша ескерту жазасы қолданылғандығын айтты.

Судья Султанова Т.С. 2020 жылдың 12 айында 20 жекеше қаулы шығарылған. Атап айтқанда, Жамбыл облысының полиция және қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметкерлеріне  қатысты ювеналды сот 20 жеке қаулы шығарғанын айтты.

         Іс-шараның соңында судьялар дөңгелек үстелге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, әкімшілік істерді қараудың сот тәжірибесін түсіндірді. Қатысушылар пікір алмасып, ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы бойынша проблемалық мәселелер талқыға алынды. 

      Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

31 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.