Сотқа құрметтемеушілк білдіргені үшін жауапкершілік
Сотты құрметтемеу іс жүзінде соттың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін бұзушылықтардың бір түрі ретінде қарастырылады. Судья сотты құрметтемеген кез-келген адамға айыппұлдар және / немесе түрмеге отырғызу құқығын бере алады.
Сот төрелігінің ең басты мәселесі ол процеске қатысушылармен сот мәжіліске қатысып отырған барлық азаматтардан, оның белгіленген ережелерін қатаң сақтау.
Сотта істі қарауға кедергі жасау, сотқа және төрағалық етушінің өкімдеріне құрметтемеушілікті анық куәландыратын өзге де іс-әрекеттер білдіру сот отырысының тәртібін бұзу деп танылады. Оларға сотта белгіленген ережелерді бұзу мен процесске қатысушылардың әдепсіздік танытқандары жатады.
ҚР ӘҚБтК-нің 653 бабына сәйкес процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың істі одан әрі қарауы мүмкін болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрінген сотты құрметтемеушілік, сондай-ақ сотты және судьяны құрметтемеушілік туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсіздік), ескерту жасауға не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Сот дауларын жедел және объектитвті қарауға және әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру мақсатында сотқа шақырылғандарды заң нормаларын сақтап сотқа уақытылы келуді және сот отырысында әдептілікті сақтауға шақырамыз.
Ақмола гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі Н. Қайратызы
[xfvalue_img]
32 пікір