Онлайн ашық есік күні
Алғаш рет Орал қаласының №2 сотында ашық есік күні онлайн режимінде өтті. Тікелей эфирді көрушілер үйлерінен және оқу орнынан шықпай-ақ сот ғимаратына виртуалды экскурсия жасады.
Сот өкілдері жиналғандарға сот жұмысын ұйымдастыру туралы айтып берді.
Сонымен қатар олар эфир қонақтарына «OpenSpace» принципімен жұмыс жасайтын фронт-кеңсе жұмысын және заманауи аудио-бейнежазба жүйелерімен жабдықталған сот залдарымен таныстырды.
Одан әрі сәлемдесу сөзімен судья Айнұр Кенжебекова желідегі көрермендерге сөз сөйледі.
Судья сөзінен қонақтар соттың онлайн режимінде қалай жұмыс істейтінін, сондай-ақ сот азаматтық іс қозғағанға дейін талап арыздардың қандай рәсімдерден өткізетіндігін біліп көрді.
Эфир барысын модератор ретінде соттың БАҚ-пен байланыс жөніндегі бас маманы Олеся Ташимова жүргізді.
Орал қаласының №2 соты
[xfvalue_img]