Көлік басқарушы адам өмірі мен  денсаулығына жауапты тұлға.

Көлік басқарушы адам өмірі мен денсаулығына жауапты тұлға.

 

Президентіміз  мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілерге байланысты талаптарды қатаңдатқаны бәрімізге белгілі.

Алкогольмен, есірткі заттарымен масаю күйінде  көлік құралын басқару  жол жүру қозғалысына жоғарғы қауіптілік жағдайын төндіреді.

Масаң күйде көлік басқару жайтын болдырмауды қатаң бақылау үшін полиция  қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп отырады.

Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңына және  13.11.2014 ж. №1196 қаулымен бекітілген, «Жол қозғалысы Қағидалары»   2- тарау 2 -бөлімінің 2 тармақшасына  сай, жүргізушіге жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретіндей масаң күйде (алкогольді, есірткі немесе өзге де) көлік құралын басқаруға тиым салынады.

         Бұдан басқа Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабына  27.12.2019 жылғы Заңмен өзгерістер енгізіліп, мас күйінде көлік жүргізгендерге әкімшілік жауаптылық қатаңдатылған болатын.

         Оған сай бұл баптың 1-бөлігінде жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру  -он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді деп көрсетілген.

         Соған қарамастан Сырым аудандық сотында 2020 жылы 17 адам осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылып, 15 тәулік  қамаққа алынып және 7 жыл мерзімге көлік айдау құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сондай-ақ, осы баптың 3-бөлігіне сай, яғни масаю күйіндегі көлік жүргізуімен жол көлік жол көлік оқиғасын жасап, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер  белгілерімен  6 адам жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды. 2020 жылы А.,  алкогольдік масаюдын орташа  дәрежесіндегі күйде «Лада 21703» маркалы көлік құралын басқарып,  жол қауіпсіздігін сақтамай, «Самара-Шымкент» тас жолының солтүстік бағытында  аударылып көлік құралын  бүлдіруге және денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер жасаған. Осы жол  көлік оқиғасынан жүргізушінің 10,12 қабырғалары, беломыртқасының зақымданып, орнынан тұрып қозғалуға мүмкіндігі жоқтығына байланысты емделген.   

         Сол сияқты осындай құқық бұзушылықтарды көлік құралын жүргізуге мүлдем құқығы жоқ адамдардың  да жасауы кездеседі.

          Мысал ретінде айтсақ, 2020 жылдың 27 қыркүйегінде  Е.  көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ бола тұра, Сырым ауданында  далалық жайын жолында  «Лада 21115» маркалы автокөлігін орташа дәрежеде алкогольмен масаю күйінде басқарып, басқару жүйесіне ие бола алмай автокөліктің ауып қалуына жол беріп,  дене жарақатын келтіріп және автокөлік бүлініп,  Жол қозғалысы Қағидаларының 2-тарау 4-бөлімнің 2-тармақшасының, 10-тарау 1-тармақшасының талаптарын бұзған.  

         Осындай жағдайларға байланысты аудандық сотта 8 адамға қатысты істер қаралып  аталған Кодекстің 608-бабының 6-бөліміне сай жиырма тәулікке әкімшілік қамақ тағайындалды.

         Сонымен бірге, Заңға енгізілген толықтыруларға сай Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі де, яғни құқық бұзушыларға қылмыстық жауаптылықты  қатаңдату және осы санаттағы қылмыстардың алдын-алу мақсатында14-тарау 345-1-баппен алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуына жауаптылық түрімен толықтырылып, және көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру жөніндегі 346-бап жаңа редакцияда жазылды.

         Көлік құралдарын басқару құқығынан әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің талабымен айырылып, жазаға тартылған адамдардың одан қортынды шығармай жол қозғалысына қатынасушылардың қауіпсіздігіне немқұрайлықпен қарап жауапкершілікті толық сезінбей қайтадан  көлік рөліне масаң күйде басқаратындары да біршама кездеседі.

         Қылмыстық Кодекстің 346-бабының 1-бөліміне  сай, яғни көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі -белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

         Өкінішке орай аудан тұрғындары арасынан  осындай қылмыстық құқық бұзушылық жасағандары да бар. Мысалы, 26.10.2020 жылы  Е., 07.02.2019 жылғы БҚО Сырым аудандық сотының қаулысымен ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен құқық бұзушылықты жасағаны үшін 3 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, орташа дәрежелі масаю күйінде  Жымпиты ауылында  «Лада 21144 110 42» маркалы автокөлікті басқарған.  Сырым аудандық сотында қаралып оған сот үкімі бойынша  көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 (екі) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.  Сотталғанға  сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.     Осыған ұқсас  істер өткен жылы  3 адамға қатысты қаралып соттың үкімдері шығарылды. Мүмкін аудан аумағы республикалық маңызы бар  жол бойында орналасқандықтан болар, осы санаттағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар әлі де болса азаймай тұр.

         Көлік басқарған кезде жүргізуші адамдардың өмірі мен денсаулығына жауапты және сол үшін заңмен жауапкершілік те қаралған. Бұл жағдайлар жүргізушінің үнемі мұқият және жоғары жауапкершілікте болуын талап етеді.

  

Ботакоз  Баймуханова

Сырым аудандық сотының Төрағасы Батыс Қазақстан облысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

20 пікір

  1. аватар
    Vicky 10 апреля 2024 18:06

    Today, I went to the beachfront with my children. I found a sea shell and
    gave it to my 4 year old daughter and said "You can hear the ocean if you put this to your ear." She put
    the shell to her ear and screamed. There was
    a hermit crab inside and it pinched her ear.
    She never wants to go back! LoL I know this is totally off
    topic but I had to tell someone!

    Also visit my blog post: Antonietta

  2. аватар
    Kellye 22 сентября 2024 10:44

    военная кафедра аграрный университет алматы, казнау факультеты моя моя
    красивая, в сердце первая, грустные истории про любовь
    колье сердечко, пандора набор сердце жүрек ауруларын тексеру, жүрек ұшы қай жерде
    орналасқан

    my blog post - етеккір
    кезінде бала көтеру

  3. аватар
    Vincent 30 сентября 2024 03:33

    көп түкірсе көл болады көп біріксе ел болады, махаббат
    туралы мақал мәтелдер гипсокартон кнауф цена алматы, гипсокартон цена алматы аудан
    және оның өлшем бірліктері, аудан ауданның өлшем бірліктері 3 сынып слайд хороший алкоголь в подарок до 1000, доставка
    алкоголя алматы

    my web page: жердің сыртқы қабығының сферасының атаулары

  4. аватар
    Peggy 7 октября 2024 16:05

    сізге опасыздық жасаған адамды армандаңыз
    дастан оразбеков - екеуміз скачать, сафура екеумиз скачать жануар тіршілігін жойғанда оның денесіндегі, денесінің сәулелік радиалды симметриялы бар жануар
    мың есе скачать ремикс, шыда скачать

    My web site :: ә.бөкейханов 20 ғасыр басындағы ұлт көсемі тезис

  5. аватар
    Ludie 10 октября 2024 13:37

    10 қазан мүгедектер күні, мүгедектер күніне құттықтау гостиницы караганды 45 квартал, гостиницы караганды фото цены көз ісігін басу, соққыдан алған ісікті қалай кетіруге болады сөз жазу,
    туынды сөзге 5 мысал

    Also visit my website - кенгуру-лингвист для учеников

  6. аватар
    Denice 14 октября 2024 23:24

    балалар неврологи, бала неге дірілдейді стиральесеп және аудит на русскомя машина hansa whb 10381 отзывы,
    hansa whb 10381 инструкция қол
    туралы мәлімет, оң қол кітабы скачать пдф арман шураев родился, арман шураев кандидат в депутаты

  7. аватар
    Ofelia 20 октября 2024 23:24

    қазіргі замандағы әйел
    затының қоғамдағы рөлі эссе,
    қазақ әйелдері эссе түсінде пышақ ұстаса, түсінде қамшы көрсе не
    болады кітаби тіл және оның айырым белгілері,
    кітаби стиль ғалымдардың көшпелілер туралы пікірі, көшпелілер өркениетінің қалыптасуы

    Also visit my webpage; ширак история казахстана

  8. аватар
    Marylin 17 ноября 2024 15:31

    жума намаз уакыты рядом ул. мухтара ауэзова, экибастуз туган кунге арналган, туған күнге тілек әйелге психикалық дамуы тежелген
    балалар аспаптық
    зерттеу әдістері дегеніміз
    , психикалық дамуы тежелген балалар слайд барзақ әлемі туралы мәлімет, қабір әлемі

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.