Мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен мінез-құлық нормалары бойынша семинар
Сотта мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен мінез-құлық нормалары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу мәселелері бойынша семинар өтті.
Семинарға Орал қаласының №2 сотының мемлекеттік қызметшілері – сот қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында кеңсе меңгерушісі қызметкерлердің назарын мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық бейнесі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды факторы екендігіне назар аударып, қызметтен тыс уақытта өзін-өзі ұстаудың жалпы стандарттарын, қызметтік қатынастардағы жұмыс уақыты мен тәртіп стандарттарын атап өтті.
Нәтижесінде семинар спикері мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметшілердің әдебі туралы заңнамалық актілердің талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
Орал қаласының №2 соты
[xfvalue_img]