Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының №2 аудандық сотымен 2020 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының №2 аудандық сотымен 2020 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Жиында сот төрағасы аталған жылдағы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша статистикалық мәліметтерге, сот өндірісін электронды форматта жүргізуге көшудегі, сонымен қатар, сот жұмысының басты бағыттарының бірі – дауды бітімгершілік рәсімдері арқылы шешудегі көрсеткіштерге тоқталды.

Атап айтқанда, 2020 жылы сотқа 37 тұлғаға қатысты 24 қылмыстық іс түскен. Оның ішінде 17 іс бойынша 29  тұлғаға қатысты үкім шығарылып, 9 тұлғаға - бас бостандығынан айыру, 11 тұлғаға - бас бостандығынан шектеу, 7 - тұлғаға шартты жаза, 2 тұлғаға - қоғамдық жұмыс түрдегі жаза тағайындалған, 5 іс 5 тұлғаға қатысты  медиация тәртібімен, яғни ҚР ҚК-нің 68-бабына сай айыпталушылардың жәбірленушілерлермен медиация рәсімімен татуласуына байланысты тоқтатылған.

Азаматтық істер бойынша барлығы 70 арыздар мен істер түсіп, 57 азаматтық іс аяқталған.

27 іс бойынша шешім шығарумен аяқталған, 11 іс бойынша сот бұйрығы шығарылған, 12 іс қысқартылған.

Талап қою іс жүргізу тәртібімен қаралған 38 істің 12-сі бойынша дауды медиациялық келісіммен реттеу туралы келісіммен шешілген.

Есепті кезеңде 149 әкімшілік  құқық бұзушылық туралы іс түскен. 110 тұлғаға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылған, оның ішінде: 9 тұлғаға - ескерту, 22 тұлғаға - айыппұл, 78 тұлғаға - қамаққа алу, 1- Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу түріндегі жазалары тағайындалған.

Өндірістен қысқартылған 38 тұлғаға қатысты әкімшілік істің 36 медиация тәртібімен қаралып аяқталған.

Есепті кезеңде аудандық сотпен қылмыстық істер бойынша – 4, азаматтық істер бойынша – 2, әкімшілік істер бойынша – 5 жекеше қаулылар істер қарау барысында анықталған қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтарды жою және олардың алдын алу үшін тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға жолданып, заңмен көзделген мерзімде жауаптары алынған.

Сотқа түскен барлық талап арыздар, арыздар және әкімшілік  құқық бұзушылық туралы істер 100 пайыз «Сот кабинеті» сервисі арқылы электронды түрде қабылданған.

Барлық сот істері бойынша сот талқылауы дыбыс-бейнежазба құрылғысы қолданылып қаралды.

Т.С.Гумарова 

Төраға                                                    

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.