БҚО ҚІЖМАС-ы 2019 жылдың 12 айы бойынша соттың жұмысын қорытындылады.
2020 жылдың 22 қаңтарында БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аумақтық БАҚ өкілдеріне 2019 жылдың 12 ай жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.
Брифингке «ТДК-42» телеарнасының тілшілерімен, «Мой город», «Уральская неделя», «Пульс города», «Надежда», «Жайық Пресс» журналистері қатысты.
Төраға м.а. Б.А.Ермаханов статистикалық мәліметтерді жариялап, 2019 жылдың 12 айында соттың өндірісінде 68 тұлғаға қатысты 38 қылмыстық іс түскенін көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда пайыздық көрсеткіш өзгерілмеген, тек тұлғалардың саны өскен (38/54).
2018 жылдың қалдығын (3/15) ескере, 60 тұлғаға қатысты 31 қылмыстық іс қаралумен аяқталған. 58 тұлғаға қатысты 29 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылып, соның ішінде 57 тұлғаға қатысты 28 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі, 1 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс бойынша ақтау үкімі шығарылды.
57 сотталғандардың 50 тұлғасына бас бостандығынан айыру жаза тағайындалып, 4 тұлға бас бостандықтарынан шектелді, 3 тұлға қоғамдық жұмыстарға тартылды.
1 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс прокурорға қайтару туралы, 1 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс бойынша мәжбүрлі түрде емдеу мекемесіне жолдау туралы қаулылар шығарылды.
Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілікке тартылған әйел адамдардың қатысуымен және кәмелет жасқа толмаған қылмыстық істердің санаттарының саны жарияланды.
2019 жылдың 12 айында алқабилердің қатысуымен 3 тұлғаға қатысты 3 қылмыстық іс қаралған.
Төраға м.а. БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, брифингке белсенді қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.
Б.А.Ермаханов
БҚО қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының төраға м.а.
[xfvalue_img]