Әкімшілік әділет – әкімшілік құқықтың институты ретінде
Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік процестік кодексі 2020 жылдың 29 маусымында қабылданды, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл заңнама ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауындаға тапсырма бойынша әзірленгені белгілі. Осыған орай Жоғарғы Сот тарапынан ауқамды жұмыстар атқарылуда. Жаңа құжат әкімшілік юстиция институтының жаңа қарқында жұмыс жасауына жол ашады деп күтілуде.
Қабылдау тәртібі және мазмұны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін Әкімшілік акт заңсыз деп саналады. Заңсыз ауыртпалық салатын әкімшілік акт міндетті түрде жойылуға жатады. Ал сот актілерін, сол сияқты соттың талаптарын орындамау мәжбүрлеу шараларын қолдануға әкеп соғады. Сот актісінің міндеттілігі әкімшілік процеске қатыспаған мүдделі адамдарды бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа өтініш жасау мүмкіндігінен айырмайды.
Кодекс бойынша бірінші сатыдағы сотта әкімшілік істерді соттың атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды және шешеді. Апелляциялық сатыдағы сотта әкімшілік істерді судьялардың тақ сандағы (кемінде үш судья) алқалы құрамы қарайды, олардың бірі төрағалық етуші болып табылады. Судья арнайы әкімшілік соттар немесе аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған ұйғарымға жеке шағымдарды жеке-дара қарайды. Кассациялық сатыдағы сотта әкімшілік істерді судьялардың тақ сандағы (кемінде үш судья) алқалы құрамы, әдетте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқасы төрағасының төрағалық етуімен қарайды.
Жалпы Кодекс жобасы әкімшілік рәсімдерді, оның ішінде мемлекеттік органдардың ішкі ведомстволық қызметіндегі ұйымдардың, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асырумен, сондай-ақ жария-құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу бойынша әкімшілік сот ісін жүргізумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. Әкімшілік процестің азаматтықтан іс жүргізуден айырмашылығы, төрелік ету кезіндегі судьяның белсенді әрекетінен көрінеді. Өйткені талапкерден емес, мемлекеттік органнан қажетті құжаттарды талап ету мүмкіндігіне ие бола отырып, сот дәлелдеме жинауға бастамашылдық жасайды. Осы Кодексті қабылдау мемлекеттік қызметшілер мен уәкілетті мемлекеттік органдардың өз функциялары мен міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарауды қамтамасыз ететіні сөзсіз.
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының №2
аудандық сотының төрағасы А.А.Муканов
[xfvalue_img]
22 пікір