«Астана халықаралық әуежайы» АҚ бұрынғы бас бухгалтері мен қызметкерлері 1,6 млрд. теңгені жымқырғаны және пара бергені үшін сотталды
2020 жылғы 10 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық №2 сотының үкімімен келесі тұлғалар кінәлі деп танылып, тиісті жаза тағайындалды:
- «Астана» халықаралық әуежайы» АҚ бұрынғы бас бухгалтері А.Е. Бабашева 11 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді;
- Е.Е. Бабашев 8 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді;
- бухгалтерияның бұрынғы қызметкерлері Б.К.Үзденбаева, З.С.Палманова, Б.Б. Баяндина (2 жас баланың болуына байланысты жазасын өтеу мерзімі 5 жылға кейінге шегерілді); С.С. Елубаева (жүктілігіне байланысты жазасын өтеу мерзімі 1 жылға кейінге шегерілді) 7 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді;
- бірқатар кәсіпорын-контрагенттердің директоры М.М. Сейтова 7 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді.
Сотталған бұрынғы бас бухгалтер мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Басқа адамдарға ақша және тауар-материалдық құндылықтардың есепті айналымымен байланысты қызметпен 10 жыл мерзімге айналысуға тыйым салынды.
Сонымен қатар, сотталғандардың 401 миллион теңге сомасындағы тыйым салынған мүліктері залалдың орнын толтыруға бағытталды.
Осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Бабашева АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметін тексермеу үшін 16 млн.теңге сомасында пара беруде күдіктелген болатын.
Сонымен қоса, Бабашева мен аталған тұлғалар іс жүзінде болмаған шарттар мен жұмыстар бойынша жалған шот-фактураларды шығарумен айналысатын 30-дан астам фирманың есепшоттарына аудару арқылы АҚ-ның 1,6 млрд.теңге көлемінде ақша қаражатын жымқыруда күдікті болған.
(үкім заңды күшіне енген жоқ)
[xfvalue_img]