Мемлекеттік тіл - ұлтымыздың биік тұғыры
Тіл тек қарым қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеті, тарихын сақтайтын баға жетпес құндылығы және ұлттың рухани қазынасы. Тіл арқылы әр халық өзінің дүниетанымын, ұлттық болмысын және салт-дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жалғайды. Тілді құрметтеу от басынан басталады. Ұрпағымыз алдымен ата-анасынан ана тілін үйренеді. Үйде ана тілінде сөйлеп, ұлтты, мәдениетті дәріптеген отбасының тілдің болашағынада қосар үлесі зор. Мемлекеттік тілдің болашағы – оны қаншалықты қолданатынымызға байланысты. Қазақ тілінде айтылған сөз, жазылған сөйлем – мемлекеттік тілдің дамуына қосылған үлес. Сондықтан мемлекеттік тілге құрметпен қарау – елге, жерге және халыққа деген құрмет. Тілімізді бірге дәріптеп, оның қоланысын кеңейту – баршамыздың азаматтық парызымыз. Мемлекеттік тіл – тәуелсіздігіміздің маңызды нышандарының бірі. Тілді құрметтеу - болашақ ұрпақ алдындағы ортақ міндетіміз. Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтқандай, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігі болуы шарт. Тіл – таусылмайтын байлық. Тіл- ең ұлы қару. Тіл ең асыл құндылық. Қазақ тілі – әлемдегі мағынасы көп, синонимдік тіркесі мол, сөйлу стилі сұлу, ерекше тіл деуге болады. Абай атамызға дейін жыраулар, шешендер, батырлар мен хандар осы ана тіліміз арқылы дауды шешіп, соғыстың бетін қайтарған. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте дегендей, өз ана тілімізге жететін тіл жоқ.
Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық сотының кеңсе басшысы орынбасары Г.Б.Тулегенова
[xfvalue_img]
