Сыбайлас жемқорлық алдын алу!
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігіне кедергі келтіретін, халықтың билікке деген сеніміне нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан онымен күрес – бір ғана адамының емес, барша қоғамның ортақ міндеті.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ерекше көңіл бөлінуде. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауларында сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу қажеттігін үнемі атап өтіп келеді. Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға басымдық беріледі. Судьялар мен сот қызметкерлері арасында тұрақты түрде семинар сабақтары, дөңгелек үстелдер өткізіліп, заң талаптары түсіндіріледі.
Сыбайласж жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму процесін, нарықтық экономика құрылысын, инвестиция тартуды тежейді.Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына терсі әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып саналады. Сондықтан президент өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып саналады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қоғамда ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету маңызды. Сот отырыстарының ашық өтуі, сот актілерінің «Сот кабинеті» арқылы жариялануы, азаматтарды қабылдау – осының айқын дәлелі юолып саналады.
Адал еңбек, мінсіз қызмет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең тиімді вакцина. Әрқайсымыз өз қызметімізді адал атқарсақ, қоғамда әділдік салтанат құрады.
Орал қаласының мамандандырылған тергеу соты әкімшісі басшысының орынбасары
Уюмдасова Альмира Аскаровна
[xfvalue_img]
