Электронды сот төрелігінің игілігі

Электронды сот төрелігінің игілігі

Сот саласына заманауи ақпараттық құралдардың енуі сот саласындағы құжат айналымына да өз тиімділігін көрсетті. Сот жүйесінде атқару парағын жазу және жіберу «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.  «Төрелік» ақпараттық жүйесінің бір ерекшелігі көп уақыт үнемдеп, межелі жерге дер кезінде жетуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ деректер қоры арқылы азаматтардың және заңды тұлғалардың жеке деректері мен тіркелген мекен-жайлары туралы көптеген мәлімет алуға болады.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі  туралы» Заңмен белгіленген тәртіпте өзінің іс жүргізуіне қабылданған атқару құжатын ерікті орындау үшін берілген мерзімнің өтуі мәжбүрлеп орындау шараларын қолдануға негіз болып табылады. Атқару құжаты – заңмен белгіленген соттың немесе өзге де органдардың орындауға жататын құжаттары. Сот мәжілісінің хатшылары парағын толтырады, одан әрі ол ақпараттық жүйе арқылы жылдам жетеді. Заңды күшіне енгеннен кейін 3 күн кешіктірмей атқару парағы жазылуы тиіс. Айта кетер жайт, бүгінгі күні сот саласындағы құжаттар заманауи ақпараттық құралдардың көмегімен жүзеге асуда. Яғни цифрлы Қазақстан жобасына елімізде ең алдымен бейімделген сот саласы болды.

Бірінші сатыдағы соттың шешімінің орындалуынын бір ерекшелігі жеке сот орындаушыларға атқару парағы электронды түрде және АІЖО ААЖ арқылы кетеді. Сот шешіміне жазылған атқару парағы арыз берушінің немесе оның өкіліне қолма-қол одан қолхат алу арқылы беріледі. Сот актілері мен атқару парақтарынын бақылау алгоритм есебіне тіркеліп отырады. Атқару құжаты судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылатын электронды атқару құжаты нысанында жазылып берілуі мүмкін. Атқару құжатының нысанын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті әділет органы бекітеді.

Соттың әрбір шешімі бойынша бір атқару құжаты беріледі. Атқару құжаты өндіріп алушыға беріледі не оның арызы бойынша сот аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушысына орындау үшін жібереді.

Электронды сот төрелігін дамыту бойынша Жоғарғы Соттың бүгінгі ілкімді бастамаларының келешегі зор. 

Ақтөбе гарнизоны әскери соты әкімшісінің бас маманы

Г.Ж.Торжимбаева

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.