Ұлт амнаты,  ұлттың жаны тілді ардақтау – азаматтық қасиет

Ұлт амнаты, ұлттың жаны тілді ардақтау – азаматтық қасиет

Тіл – халықтың қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік – егіз ұғым. Тілсіз – тәуелсіздік, егемендіксіз – тіл болмақ емес. Тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухани, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – ұлт байлығы, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, ұлттық болмысы. Тіл – ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа беру арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени байлығы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз – қазақ тіліміз. Әр ұлт өз тілін қадірлейді, сыйлайды және келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады.

Мемлекеттік тіл – әрбір елдің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазіргі таңда қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейіп, жер-жерде тілдің мерейі артып келеді. Мемлекеттік мекемелер бүгінгі таңда қазақ тілін қолданыс тіліне айналдырған. Кез келген азамат қазақ тілін талап етіп, қазақ тілінде қызмет ала алады.

Бабадан қалған мирас, ол тіліміз, таза саф күйінде ұрпаққа аманат болып жетуге тиіс. Ол үшін әр қазақ тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы саналатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Қазақ пен қазақтың, әкемен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қаяу түсіретін жайт. Қазақ тілі – Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Мемлекеттік тіл баршамыздың ұлы мақтанышымыз. «Қазақтың болашағы - тілінде». Біз осы ұстанымды жүзеге асыруда бар күш-жігерді аямай, еңбек етуіміз керек. 

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық сот әкімшісінің аға сот приставы Ж.Т.Құрманов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.