Мемлекеттік тілді жетілдіру – ортақ міндет
Мемлекеттік тіл – елдің бірлігін нығайтатын, ұлттық құндылықтарды сақтайтын және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды рухани байлық. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Сондықтан мемлекеттік тілді дамыту мен оның қолданылу аясын кеңейту – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік мекемелерде іс жүргізу, құжат айналымы, азаматтарды қабылдау және ресми ақпарат тарату барысында қазақ тілінің қолданысы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Сонымен қатар, білім беру, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары және цифрлық технологиялар саласында да мемлекеттік тілдің қолданылу мүмкіндігі артып отыр.
Мемлекеттік тілді жетілдіру тек заң талаптарын орындаумен шектелмейді. Ең алдымен, әрбір азаматтың тілге деген құрметі мен жауапкершілігі маңызды. Қазақ тілін күнделікті өмірде еркін қолдану, сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру – тілдің дамуына қосылған нақты үлес.
Мемлекеттік қызмет саласында қазақ тілінде құжаттарды сапалы әзірлеу, ресми хат алмасу мәдениетін жетілдіру және қызмет көрсету барысында мемлекеттік тілді еркін пайдалану ерекше маңызға ие. Бұл халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын арттырып қана қоймай, мемлекеттік тілдің беделін де нығайтады.
Мемлекеттік тілді дамыту – болашаққа салынған инвестиция. Ана тіліміздің мәртебесін көтеру арқылы біз ұлттық бірегейлігімізді сақтап, тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосамыз. Сондықтан мемлекеттік тілді құрметтеу, үйрену және дамыту – баршамыздың азаматтық парызымыз.
БҚО қылмыстық істер жөніңдегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің жетекші маманы Мұратова Айым
[xfvalue_img]
