Эксаумақтық соттылық

Эксаумақтық соттылық

Эксаумақтық соттылық - азаматтық және әкімшілік істер бойынша процестерде заң бойынша тиісті аумақтық сотта емес, тараптардың өзара келісімі арқылы басқа өңірдегі сотта қаралу мүмкіндігі.   

Эксаумақтық соттылық  2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 84-VII ҚРЗ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен қолданысқа енгізілді.

Эксаумақтық соттылық – жекелеген санаттағы істердің еліміздің басқа өңіріндегі сотта қаралуына мүмкіндік беретін тәртіп. Істерді бөлу сот органдарының ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады, бұл істі қарайтын сотты айқындау процесіне қандай да бір араласу мүмкіндігін болдырмайды.

Бұндай өзгеріс азаматтық процестік кодексінің 32 бабында негізделген және заң 2022 жылдың 1 тамызынан бастап күшіне енді.

АПК-нің 32-бабы бойынша  "өзара келісім бойынша істі сот талқылауына дайындау сатысында осы іс үшін, оның ішінде соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша аумақтық соттылықты өзгерте алады деп көрсетілген.

Эксаумақтық соттылық  әкімшілік істер ( ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі) бойынша да  толықтырылды.

Эксаумақтық соттылықты қолдану сот процесіне қатысушылардың процестік құқықтарын шектемейді. Қазіргі цифрлық технологиялардың арқасында тараптар сот отырыстарына бейнеконференцбайланыс арқылы қатыса алады, сот кабинеті сервисі арқылы құжаттарды электрондық түрде жолдай алады, сондай-ақ сот хабарламалары мен процестік құжаттарды уақтылы алады.

Эксаумақтық соттылық – Қазақстан Республикасының сот жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Ол әрбір азаматтың тұрғылықты жеріне қарамастан әділ сот талқылауына қол жеткізу құқығын қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Эксаумақтық соттылықты енгізудің негізгі мақсаты – соттың тәуелсіздігі қағидатын нығайту, сот процесіне қатысушылардың заң мен сот алдындағы теңдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мүдделер қақтығысының алдын алу. Бұл тәсіл сот қызметінің ашықтығын арттырып, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін күшейтуге ықпал етеді. 

Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық аудандық соты әкімшісінің басшысы  Ақмарал Нұрым

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.