Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда әділ болулары қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Жалпы мемлекеттік қызмет жауапты міндеттер жүктейтін, абыройлы лауазым болып табылады.

Мемлекеттік қызмет: жаңа кезеңдегі маңызды міндет Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімге негізделген мемлекеттік басқарудың «адамға бағдарланған» моделін қалыптастыру үрдісі мемлекеттік міндеттерді қоғам күтетін талап-тілектерге сәйкес жүзеге асыруға қажет негізгі құндылықтар мен қағидаттарды қайта қарауды өзектендірді. Еліміздегі мемлекеттік басқарудың жаңа мәдениеті «Ең алдымен адамдар» қағидатына негізделеді. Мұндағы ба­сым­дықтардың бірі – мемлекеттік қызметтің барынша үйлесімді үлгісіне көшу. Бүгінде Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметті жаңғырту тапсырмасын жүзеге асыру аясында 4 заң қабылданып, бірқатар заңға тәуелді актілер дайындалды. Енді мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар күшейтіледі. Мемлекеттік қызметті заман талабына сай түбегейлі жаңғырту тек құқықтық-нормативтік құжаттарға өзгер­тулер енгізумен шектелмейді. Мұн­да­ғы басты міндеттің бірі – мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіру. Ол үшін мемлекеттік қызметшіге саналы тұрғыда өзгеріс қажет. Бұл ниет қалаулары мен ұста­ным­дық қағидаттарын өзгерту талабын туд­ырады. Алда осы арнадағы жұмысты жан­дандыруды көздеп отырмыз. Мемлекет басшысы Ұлттық құ­рыл­тайда: «Халқы­мы­з­дың сана-сезімі, құндылықтары түбегейлі жаңаруы керек. Сонда ұлттың жаңа сапасы қалып­та­са­ды. Бір сөзбен айтқанда, барша еліміз жаңарады», деп саналы өзгеріске деген қажеттіліктің пісіп-же­тіл­генін айтқан болатын. Өкінішке қарай, бүгінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінен өзге, олардың қоғамдағы болмысы мен тұл­ға­сына қатысты саналы жаңғыруға ба­ғыт­­талған бірде-бір құжат жоқ. Сон­дық­тан еліміздегі мемлекеттік қыз­мет­ші­лердің саналы тұрғыдан жаң­ғы­р­уына ықпал ететін, олардың ұста­ным­да­ры мен құндылықтарын жүйе­лей­тін арнайы Доктрина жобасын дайындау­ды қолға алдық. Онда мемлекеттік қыз­мет­ші­лердің қоғамның сұранысына жа­­уап бере алатын мақсатты дағдылары, құндылықтық ұстанымдары топтасты­рылды. Бұл құжат мемлекеттік қыз­мет­шілердің саналы, рухани-адам­гер­шілік тұрғыдан өзгеруіне түрткі болуға ба­ғыт­талып, олардың мемлекеттік бас­қа­ру жүйесіндегі қызметін сапалы түрде кәсібилендіруді көздейді. Мемлекеттік қызметшілердің тұлға­лық болмысын жетілдіруге қатыс­ты әлемдік тәжірибені зерделегенде бар­ша­ға ортақ, әмбебап, үздік тәжіри­бе не­месе қандай да бір үлгілі стан­дарт­тың жоқ екенін көреміз. Мәселен, белгілі бір елде тиімділігін көрсететін жүйе басқа елде тиімді болмауы мүм­кін. Халықаралық тәжірибеден аңғара­ты­нымыз – мемлекеттік қызметтің бір­­тұтас және тиімді жүйесін құру әр ел­дің тарихи, мәдени, ұлттық және басқа да өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілетіні. Сондықтан отандық мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық болмысын жетілдіру өзге елдердің тә­жірибесіне арқа сүйеп қана қоймай, елі­міздің дәстүрлі-мәдени, әлеуметтік-тарихи факторларын, ұлттық құн­ды­лық­та­рын ескере отырып жүзеге асырылуы қажет. Қазіргі біздің қоғам мемлекеттік қызметшілерден елдік және қоғамдық мүдделерге әділ және адал қызмет етуін, өз күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін отанымыздың дамуына жұмсауын күтеді. Мемлекеттік қызметшінің тұлғалық жетілуі – тұтастай қоғам өзгеруінің алғышарты. Мемлекеттік қызметшінің тұлғалық болмысы қоғамға үлгі болуы қажет. Ол үшін мемлекеттік қызметші кәсіби, тұлғалық ізгі қасиеттерді бойына жинақтап, іс жүзінде оның нәтижесі көрініп тұруы керек. Мемлекеттік қызметшінің күнделікті өмірі оның кәсіби қызметімен тығыз байланысты. Рухани мәдениет пен білім, алған тәрбие адамның тұлғалық болмысын құрап, нәтижесінде оның іс-әрекетіне ықпал етеді. Мұнда зұлымдық пен әділетсіздікке жол бергізбейтін ішкі бақылаушы – ар-ұжданның орны ерекше.

Бүгінде әрбір арнайы-орта және жоғары білімі бар жас мамандарға мемлекеттік қызметке келу үшін оңай жағдай жасалған. Бұл қызмет түрі үміткерден небәрі жеткілікті білімді, құқықтық сауаттылықты, өнегелі тәртіпті, адалдық пен ар-намыс тазалығын талап етеді. Жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті және тиімді басқару құрылымын құру ісінде міндеттерді іске асыру көбіне мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Сонымен қатар, маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы бар мемлекеттік қызмет имиджі халықтың мемлекеттік аппаратқа сенімі деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқару қызметінің тиімділігін бағалау өлшемі болып табылады. Аталған жұмысты жалғастыру үшін ең біріншіден барлық мемлекеттік органдарда қызмет істейтін мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігін арттыру қажеттігі туралы талаптар басты назарда. Өйткені елеміздің өркендеуі, дамуы, мемлекеттік қызметшілердің отан сүйгіштігіне, білімі мен біліктілігіне байланысты. Сонымен қатар, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Себебі, мемлекеттің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметкер, ал мемлекеттік қыметтің мәртебесі мен беделі мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты екені айдан анық. Мемлекеттік қызметте жоғары білімі бар қызметкерлеріміздің үлесі 93%, бұл ретте экономикалық, техникалық және құқықтық білімі бар мамандар басым. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз. Сонда әкімшілік те, мемлекеттік қызметкерлер де халыққа жақын болады»- деген Елбасының сөздері әрбір мемлекеттік қызметші үшін басты қағидаға айналуы тиіс деп білемін. 

Орал қалалық сотының бас мамаын- сот отырысының хатшысы А.Утепова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.