Сот ғимаратына кіру тәртібі

Сот ғимаратына кіру тәртібі

Сот ғимаратына кірудің бұлжымас заңы, яғни өз тәртібі бар. Сот — кез — келген адам баса-көктеп, әрлі-берлі өте беретін ғимарат емес. Онда жолы түскен әрбір азаматтың білуі тиіс қатаң қағидалары бар. Олар: сотқа заңға қайшы келетін заттар әкелмеу, күзет қызметкеріне жеке куәлігін көрсету, сот мәжілісі залына сырт киімін шешіп кіру, ұялы телефонын өшіру, сотқа шақырған уақыттан кешікпеу сынды міндеттер.

Қазіргі күні сот ғимаратына келушілер – ғимаратқа кірер алдында күзет қызметкеріне, сот қызметкерлеріне өзінің сотқа келу мақсатын айтуға, өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуге немесе сотқа шақыру қағазын көрсетуге тиісті. Сотқа келген негізі анықталғаннан кейін, өту үшін жеке тексеруден өтуге, қолындағы заттарын, яғни сөмке, пакеттерін тексертіп, ұялы телефондарын сөндіріп, заттарын сақтау камераларына тапсыруы тиіс.

Сонымен қатар сотқа келушілерге мемлекеттік мекемедегі бекітілген тәртіпті сақтау, яғни сот отырысы залында сот қызметкерлерінің рұқсатынсыз жүруге, сот отырысы барысында төрағалық етуші судьяның рұқсатынсыз бейнежазбаға, суретке түсіру жүргізуге, ұялы телефон немесе басқа да байланыс құралдарын қосуға немесе оларды пайдалануға, сот ғимаратындағы стендтерден құжаттардың үлгілерін алуға, немесе оған жеке жарнамалық сипаттағы хабарламаларды ілуге, сот ғимаратындағы мүлікті бүлдіруге болмайтыны туралы ескертіледі.

Алкогольдік, есірткілік немесе токсикологиялық мас күйіндегі тұлғаларды және сыртқы келбеті адамдық қадір-қасиетке, қоғамдық жағымды мінез-құлыққа нұқсан келтіретін немесе санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін киіммен және заттармен келген тұлғаларды, заңды өкілдері немесе педагог ұстазы жоқ он алты жасқа толмаған тұлғаларды сот ғимаратына кіргізуге тыйым салынады.                                                                  

Сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі келтірген, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, ғимарат ішінде белгіленген тәртіпті бұзған, сот қызметкерлерінің талаптарын орындамаған жағдайда, сотқа келушілер заңмен белгіленген тәртіпті жауапкершілікке тартылады.

Сот ғимаратына өткізу және ішкі тәртіпті қадағалау күзет қызметкерлерінің немесе сот приставының өкілеттігіне кіреді. Сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ететін – сот приставы. Сот приставтарының негізгі міндеттеріне сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардан сот қызметінің белгіленген тәртібін сақтауды, сондай-ақ соттың үй-жайында және сот отырысы залында құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасауды тоқтатуды талап етуге құқылы.

Сот отырысы залында сот отырысы қатысушысыларына сот қызметкерлерінің рұқсатынсыз жүруге, сот отырысы барысында төрағалық етуші судьяның рұқсатынсыз сот залынан шығып кетуге, сот залына кіруге, орнынан тұруға, сөйлесуге болмайды. Сот отырысы кезінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін құқық бұзушыны әкімшілік жолмен ұстауға, құқық бұзушыны құқық қорғау органдарына жеткізуге, заңдарда белгіленген тәртіппен жауапқа тарту үшін құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға, құқық бұзушы бағынбай айқын көрінетін шабуыл жасаған кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен арнаулы құралдар мен күш қолдануға құқылы. 

БҚО, Сырым аудандық соты әкімшісінің бас маманы-сот отырысының хатшысы А.Т.Ишангалиева

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Deloris 18 августа 2026 19:38

    Browse our full list of supermarkets near you to discover more
    options in your area. Quality control is given a lot of attention in all Lidl supermarkets.
    Lidl stores are usually supermarkets with an area of 700, 800,
    900 and 1000 sq. Today, the Lidl network includes more than 4,500 branches around the world, being
    present in almost all European countries and actively moving forward in the markets of Australia and the USA.
    Like Aldi, Lidl insists its basic ‘no-frills’ business approach enables it to offer
    lower prices than most other supermarket chains. Supermarket opening hours vary considerably to check your local
    supermarket opening hours before you visit the branch.
    Lidl is a German chain of discount grocery stores that operates in numerous countries across Europe.


    References:
    payidpokies1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.