Сот отырысы кезіндегі тәртіп

Сот отырысы кезіндегі тәртіп

Сот ғимаратына кірудің бұлжымас заңы, яғни өз тәртібі бар. Сот - кез - келген адам баса-көктеп, әрлі-берлі өте беретін аула емес. Онда жолы түскен әрбір азаматтың білуі тиіс қатаң қағидалар бар. Олар: сотқа заңға қайшы келетін заттар әкелмеу, күзет қызметкеріне жеке куәлігін көрсету, сот мәжілісі залына сырт киімін шешіп кіру, ұялы телефонын өшіру, сотқа шақырған уақыттан кешікпеу сынды міндеттер.

Қазіргі күні сот ғимаратына келушілер - ғимаратқа кірер алдында күзет қызметкеріне, сот қызметкерлеріне өзінің сотқа келу мақсатын айтуға, өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуге немесе сотқа шақыру қағазын көрсетуге тиісті. Сотқа келген негізі анықталғаннан кейін, өту үшін жеке тексеруден өтуге, қолындағы заттарын, яғни сөмке, пакеттерін тексертіп, ұялы телефондарын сөндіріп, заттарын сақтау камераларына тапсыруы тиіс.

Сонымен қатар сотқа келушілерге мемлекеттік мекемедегі бекітілген тәртіпті сақтау, яғни сот отырысы залында сот қызметкерлерінің рұқсатынсыз жүруге, сот отырысы барысында төрағалық етуші судьяның рұқсатынсыз бейнежазбаға, суретке түсіру жүргізуге, ұялы телефон немесе басқа да байланыс құралдарын қосуға немесе оларды пайдалануға, сот ғимаратындағы стендтерден құжаттардың үлгілерін алуға, немесе оған жеке жарнамалық сипаттағы хабарламаларды ілуге, сот ғимаратындағы мүлікті бүлдіруге болмайтыны туралы ескертіледі.

Алкогольдік, есірткілік немесе токсикологиялық мас күйіндегі тұлғаларды және сыртқы келбеті адамдық қадір-қасиетке, қоғамдық жағымды мінез-құлыққа нұқсан келтіретін немесе санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін киіммен және заттармен келген тұлғаларды, заңды өкілдері немесе педагог ұстазы жоқ он алты жасқа толмаған тұлғаларды сот ғимаратына кіргізуге тыйым салынады.

Сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі келтірген, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, ғимарат ішінде белгіленген тәртіпті бұзған, сот қызметкерлерінің талаптарын орындамаған жағдайда, сотқа келушілер заңмен белгіленген тәртіпті жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 

Сот ғимаратына өткізу және ішкі тәртіпті қадағалау күзет қызметкерлерінің немесе сот приставының өкілеттігіне кіреді.

Сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ететін – сот приставы.  Сот приставтарының негізгі міндеттеріне сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардан сот қызметінің белгіленген тәртібін сақтауды, сондай-ақ соттың үй-жайында және сот отырысы залында құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасауды тоқтатуды талап етуге құқылы. Сот отырысы залында сот отырысы қатысушысыларына сот қызметкерлерінің рұқсатынсыз жүруге, сот отырысы барысында төрағалық етуші судьяның рұқсатынсыз сот залынан шығып кетуге, сот залына кіруге, орнынан тұруға, сөйлесуге болмайды. Сот отырысы кезінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін құқық бұзушыны әкімшілік жолмен ұстауға, құқық бұзушыны құқық қорғау органдарына жеткізуге, заңдарда белгіленген тәртіппен жауапқа тарту үшін құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға, құқық бұзушы бағынбай айқын көрінетін шабуыл жасаған кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен атыс және электрлік қаруын арнаулы құралдар мен күш қолдануға құқылы.

Д.Б.Шаукет 

ҚР Сот әкімшілігі Әскери соты департаментінің

ішкі қауіпсіздік бөлімінің сот приставы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.