Ана тілі – ұлт болашағы

Ана тілі – ұлт болашағы

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Ол –әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, қолданыс аясы кең тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының – ана тілі. Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдіретті. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен бойға енген қасиет туған тілдің құдіретімен дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас туған тіліңді білуден басталады.

Ана тілі – халқымыздың рухани байлығы, баға жетпес асыл мұрасы. Оның қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заты тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбатымыз.

Тіл ұлттың жаны,рухы,оның бет-бейнесі,өткені мен болашағы. Ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттын өзіде жоғалады»,-деп тілдің ұлт үшін  қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған.

"Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады" – деген еді біртуар ақын М.Жұмабаев. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағына көмегін аямауы тиіс.

Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам болмайсың. Тіл тағдыры – елдің тағдыры. Әр адам ана тілін біліп, оны құрметтеуге міндетті. 

Сырым аудандың сотының бас маманы - сот отырысының хатшысы А.Т.Ишангалиева

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.