Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті
Бүгінде сыбайлас жемқорлық мәселесі бүкіл әлемнің басты проблемаларының бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық қоғам өмірінде келеңсіз құбылыстардың бірі. Себебі оның әсері ел болашағына, саяси даму тұрғысына, қоғамның барлық саласына, ұлттық қауіпсіздікке зиянын тигізеді. Бұл күрделі әлеуметтік мәселе деп білемін. Осы мәселе бойынша елімізде арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар біршама барлық. Осыған орай Қазақстан Республикасында 2015 жылы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды. Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл ұғымы берілген-бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметін айтамыз.
Бүгінгі таңда Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік мәртебе берілді, қоғамдық және саяси күштермен бірлесіп Сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу және шектеу бойынша кең ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы компания жүргізілуде. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған. Құқық бұзушылыққа қарсы күрестің қандай аспектілері әр түрлі деңгейлерде талқыланса да, оның ауқымының міндетті белгілерінің бірі сыбайлас жемқорлық болып табылады.
Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады, оның басымдылығы Мемлекет басшысымен нақты белгіленген.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе еліміздің дамуы бұданда биік дәрежеге көтерілетіні хақ. Жалпы, кез-келген қызметкер өз отбасында, әріптестерінің арасында осы бір қағидаларды ұран қыла білсе, бұл індеттің түбімен жойылатыны анық.
Әрбір қоғам дамуының жақсы жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Орал қалалық соты әкімшісінің аға сот приставы Н.Ж.Аралбаев
[xfvalue_img]
