«Ұлт анасы -тіл»
Егемендік алып, тәуелсіздіктің тәжін кигелі ширек ғасыр өтсе де, егемен еліміздің негізгі рәміздерінің бірі- Мелекеттік тіл қазақ тіліне деген жанашырлық сезім әлі жетіспейді.
Ал еліміздің болашағы қазақ тілінде екендігін ескерсек, тіліміздің төңірегіндегі кемшіліктерді түзеу, оған жанашырлық таныту, әрбір елім дейтін азамат үшін, ат үсті қарайтын мәселе емес екендігі даусыз.
Тіл- халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі- ұлттың мәселесі. Тілдің мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз.
Тілдің құндылығын меңгеруде отбасы, яғни ата-ана мен білім ошақтарының рөлі ерекше, әр отбасы бесіктен бастап, ұрпаққа қазақ тілін үйретуді қолға алу басты мақсаттың бірі. «Ана тілін білмеген, анасын да сыйламас» демекші өзінің ана тілін білмеген адам, анасын сыйлауы екіталай.
Біздің қазақ халқының тілі өте бай, көркем тіл. Басқа түркі тілдермен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен қазақ тілі- ежелгі таза қалпын сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралары бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл- дегенміз адамның саналы ғұмырының құралы, қоғамда барлық мәдениеттілікті тіл арқылы үйренеді және еліміздегі халықтардың арасындағы қарым-қатынас тіл арқылы жеткізіледі.
Ана тілін жақсы білу әрбір қазақстан азаматының борышы, қоғамда атқаратын қызметтің тірегі. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
«Тіл ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі» дегендей, тіліміз құрып кетті құрдымға батып жатыр деп отыра бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін ашып, тамырына балта шабудың алдын алып, жұртшылықтың оған сенімінің нығайуына, оның өміршеңдігін дамытуға күш салған дұрыс.
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі - ұлттың тілі. «Қанша тілді білсең, сонша мәдениеттісің, сонша байсың» деген даналық сөз бар, бірақ өзге тілді білемін деп жүргенде өз тілімізден алыстап кетпеуіміз қажет.
Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығығының ең негізгі ұйтқысы оның ғажайып тілі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып білуі тиіс.
Тіл тұғырының биікке көтерілгені - халық мәртебесінің жоғарлауы.
Сондықтан ана тіліміздің мәртебесін үстем етіп, жанашырлық танытып, еліміздің мерейін көтерейік дегім келеді.
Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық соты әкімшісінің кеңсе бас маманы сот отырысының хатшысы Н.Б.Қуандықов
[xfvalue_img]
