Тіл-ең асыл құндылық
Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы –ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі-мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу-біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау –өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.
Қазақстан-көп ұлтты мемлекет. Ұлтаралық келісім өзара жарасымын тапқан, таты еліміз. Алайда, қазақ тілі әр қазақтың ар-ожданы, мақтанышына айналуы тиіс. Осы орайда Бауыржан Момышұлының «анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту»- деген сөзді әрбір қазақ ұғынса, біздің тіліміздің жағдайы дәл қазіргі қалпынан әлдеқайда жоғары деңгейде болар еді.
Мемлекеттік тіл-аса маңызды да ең өзекті мәселе, тіл-қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгісі болып табылады. Ол-ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне жұртты топтастырушы, біріктіруші фактор. Сондықтан мемлекеттік тілді білу-өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс. Ол үшін тіл білуді мақсат тұтып, алдына талап қоя қажымай ізденіп, айрықша көңіл бөліп, аянбай еңбектенсе, мемлекеттік тілді меңгерері анық.
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі-ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да –тіл. Ол-қасиетті де қастерлі . Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл-ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі.
Тілдің тағдыры-баршамыздың қолымызда.
БҚО, Сырым аудандың сотының бас маманы - сот отырысының хатшысы А.Т.Ишангалиева
[xfvalue_img]
