Қазақстан Республикасы Судьялар одағы – әділдікке 30 жыл қызмет етуде
Қазақстан Республикасы Судьялар одағы – әділдікке қызмет етудің 30 жылы 2026 жылы Қазақстан Республикасы Судьялар одағы өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл – елдің сот қауымдастығы үшін айрықша маңызды дата. Аталған белес тәуелсіз Қазақстанның сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуын, заңдылық пен құқық үстемдігі қағидаттарының нығаюын айшықтайды.
Қалыптасу және даму тарихы Қазақстан Республикасы Судьялар одағы 1996 жылы судьялар қауымдастығын біріктіру, олардың кәсіби құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ сот билігінің тәуелсіздігін нығайту мақсатында құрылды. Өткен отыз жыл ішінде ұйым сот жүйесін дамытуға және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін беделді кәсіби алаңға айналды.
Судьялар одағы сот қызметіне қатысты заңнамалық бастамаларды талқылауға белсенді қатысып, сот төрелігінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізіп келеді. Сонымен қатар, сот практикасының бірізділігін қамтамасыз етуге де үлес қосуда.
Кәсібилікпен әдеп стандарттарын арттыру Одақ қызметінде судьялардың кәсіби даярлығын жетілдіру, тәжірибе алмасу, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру мәселелеріне ерекше мән беріледі. Судья әдебі нормаларын нығайту, мінез-құлықтың жоғары стандарттарын қалыптастыру – негізгі бағыттардың бірі.
Судья – әділдік пен заңдылықтың кепілі. Оның біліктілігі, қағидатшылдығы мен бейтараптығы қоғамның сот жүйесіне деген сенімін айқындайды. Судьялар одағы судьялар корпусының беделін арттыруға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді.
Сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі Қызмет еткен жылдары Судьялар одағы сот реформаларын жүзеге асыруға, сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін азаматтық қоғам институты ретінде қалыптасты. Ұйым сот төрелігін жетілдіру және адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және халықаралық әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл жасайды.
Мерейтой – жаңа жетістіктер кезеңі.Отызжылдық мерейтой – өткенді саралап қана қоймай, алдағы даму басымдықтарын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды кезең. Сот жүйесін цифрландыру және жаңғырту жағдайында Судьялар одағы судьялардың тәуелсіздігін нығайтуда, кәсіби қауымдастықты дамытуда және құқық үстемдігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруды жалғастыруда.
Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығы – отандық сот жүйесінің тарихындағы маңызды белес. Бұл – оның орнықтылығының, кемелденуінің және әділдік пен заңдылық жолында үздіксіз жетілуге ұмтылысының айқын көрінісі.
Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы Е.Ибраимов
[xfvalue_img]
