Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі
Қазақстан Республикасы — көпұлтты мемлекет. Мұнда қазақ, орыс және басқа да ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүруде. Осы бірлікті сақтауда мемлекеттік тілдің маңызы өте зор. Қазақ тілі – еліміздің тұтастығын, мәдениетін, тарихын айқындайтын басты символдардың бірі.
Мемлекеттік тіл мәртебесін алу арқылы қазақ тілі қоғам өмірінің барлық саласына еніп, оның қолдану аясы кеңейді. Бұл қазақ тілінің дамуына, ұрпақтан ұрпаққа аман-есен жетуіне мүмкіндік береді. Мемлекеттік тілді білу және қолдану әр азаматтың парызы және борышы.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін үкімет тарапынан көптеген шаралар қабылдануда. Мектептерде қазақ тілі оқытылуда, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде қызмет көрсету талап етіледі, бұқаралық ақпарат құралдары мен мәдениет саласында қазақ тілінің қолданысы артып келеді.
Тілді дамытуда әр адамның үлесі маңызды. Мемлекеттік тілді үйрену, оны күнделікті өмірде қолдану арқылы ғана біз ұлттық мәдениетімізді сақтап, еліміздің болашағына сенімді қадам жасай аламыз.
Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі - әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе беріліп отыр. Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік факторлардың болуы – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді.
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының аға сот приставы: Вагапов Р.Н.
[xfvalue_img]

1 пікір