Сот билігінің тәуелсіздігі
Сот билігінің тәуелсіздігі – құқықтық мемлекеттің басты қағидаларының бірі. Егер сот жүйесі өз бетінше, ешқандай ықпалсыз жұмыс істесе, қоғамда әділеттілік пен заңдылық үстемдік етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша, сот билігі заң шығарушы және атқарушы биліктен бөлек жүзеге асырылады. Судьялар ешкімге тәуелді емес, тек заңға ғана бағынады. Бұл сот жүйесінің ашық, бейтарап жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Соттың тәуелсіздігі үшін мемлекет тарапынан түрлі кепілдіктер беріледі: судьяларды қорғайтын заңдар, өмір бойына тағайындау, материалдық қамтамасыз ету, қызметіне заңсыз араласуға тыйым салу. Сонымен қатар, судьялардың ар-ождан бостандығы мен шешім қабылдаудағы еркіндігі де соттың шынайы тәуелсіздігін көрсетеді.
Сот жүйесі тек тәуелсіз болған жағдайда ғана әділетті шешімдер шығара алады. Сондықтан сот билігінің дербестігін қамтамасыз ету – мемлекеттің ең басты міндеттерінің
Соттың тәуелсіздігі – халықтың билікке деген сенімін арттырудың негізгі шарты. Тәуелсіз, әділ әрі бейтарап сот – құқықтық мемлекеттің іргетасы.
Қазіргі цифрлық дәуірде барлық салада ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылып келеді. Соның бірі – сот жүйесінде электрондық форматқа көшу. Бұл жаңашылдық сот төрелігін жүзеге асыруда тиімділікті арттырып, ашықтық пен жеделдікті қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында "Сот кабинеті", "Төрелік кабинет", "TrueConf" сияқты электрондық платформалар арқылы сот процестері онлайн режимде жүргізіліп келеді. Аталған жүйелер азаматтарға, адвокаттарға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сотқа талап арыз, өтініш, шағымдарды электрондық түрде жолдауға мүмкіндік береді.
Электрондық соттың басты артықшылықтары – уақытты үнемдеу, процестің ашықтығы, қағазбастылықтан арылу, сонымен қатар шалғайда тұратын азаматтарға қолайлы жағдай жасау. Сот отырыстарына бейнеконференция арқылы қатысу, құжаттармен танысу, істің мәртебесін бақылау – бәрі де қашықтан жүргізіледі.
Бұл жүйе тек сотқа жүгінушілер үшін ғана емес, сот қызметкерлерінің де жұмысын жүйелеп, жүктемені азайтады. Электрондық сот – цифрлы мемлекет дамуының бір бөлігі ретінде, сот жүйесінің заманауи келбетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотының жетекші маманы: Утегенова А.Т.
[xfvalue_img]
