Тіл-жүректен басталатын қасиетті құбылыс
Қазақ тілінің тағдыры-елдің тағдыры. Қазір барша қазақстандықты бірлікке, тұтастыққа үндейтін басты фактор-мемлекеттік тіл.
Қазақ тілі –ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар аманаты, асыл мұра. Әлемдегі бай тілдердің бірі саналатын қазақ тілі құнарымен де, оралым-дылығымен де ерекшеленеді. Оның әрбір үні-тарихтың сыры, әрбір әуезі-ұлттық мінездің көрінісі. Тіл байлығы-ұлттың мақтанышы ғана емес, мемлекеттің мерейі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Қазақтың тілі-қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де тілінде»-деп атап өткені белгілі. Бұл-тілдің жай ғана қарым-қатынас құралы емес, өткенді бүгінмен жалғап, болашаққа жетелейтін киелі көпір екенінің дәлелі. Ана тілінде сөйлеген әрбір сәби сол тілдің құдіретін бойына сіңіріп өседі. Отбасыдан басталған тіл тәрбиесі-ұрпақтың жүрегінде туған тілге құрметті қалыптастырады.
Тарихқа көз салсақ, қай елде тіл мәселесі өз орнын тапса, сол елдің ішкі бірлігі берік болған. Керісінше, ана тілінен айырылған жұрт рухани жұтаң-дыққа ұшырайды. Біздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз сияқты мемлекеттік тіліміз де ұлтты ұйыстырар қасиетті құндылық. Ана сүтіндей бойымызға дарып, жан дүниеміздің айнасына айналған қазақ тілін ардақтау-әрбіріміздің перзенттік парызымыз. Қазақ тілі-Тәуелсіздігіміздің айғағы, елдігіміздің тұғыры. Оны дәріптеу, ұрпаққа жеткізу-тек мемлекеттік міндет емес, жүректен басталатын қасиетті борыш. Қазақ тілін меңгеру-қазаққа ғана емес, Қазақстанда өмір сүріп жатқан барша азаматқа қажет ортақ міндет. Мемлекеттік тіл- ортақ болашағымыздың кілті, татулық пен ынтымақтың арқауы. Қоғамдағы әрбір сала, әрбір мекеме тіл мәртебесін көтеруге үлес қосса, ол-мемлекетіміздің нығаюына қосылған үлес. Ана тіліміз арқылы ұлттық болмысымызды, салт-дәстүрімізді, дүниетанымызды, рухани құндылықтарымызды жеткіземіз. Әлемдік жаһандану дәуірінде қазақ тілінің мәртебесін арттыру-ұлттық иммунитетті күшейту. Қазақ тілі-Тәуелсіздігіміздің айғағы, елдігіміздің тұғыры. Оны дәріптеу, ұрпаққа жеткізу-тек мемлекеттік міндет емес, жүректен басталатын қасиетті борыш.
Сырым аудандық соты әкімшісінің бас маманы Г.К.Нурабалиева
[xfvalue_img]
