Әскери құқық бұзушылықтар: түсінігі, түрлері және алдын алу шаралары

Әскери құқық бұзушылықтар: түсінігі, түрлері және алдын алу шаралары

Қарулы Күштердің тәртібі мен тұрақтылығы – елдің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетінің негізі. Осы орайда, әскери қызметшілердің құқықтық жауапкершілігі мен тәртіпті сақтауы ерекше маңызды. Әскери құқық бұзушылықтар – бұл әскери қызметті өткеру барысында заңға, әскери жарғыларға және ішкі тәртіпке қайшы келетін әрекеттер не әрекетсіздік болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (XXI тарау) әскери қылмыстарға арнайы баптар арналған. Әскери құқық бұзушылықтар бірнеше топқа бөлінеді:

1.Әскери тәртіпке қарсы әрекеттер:

– Бұйрықты орындамау (ҚК 367-бап);

– Қызметке келуден жалтару;

– Сарбаздың өзін-өзі зақымдауы немесе өтірік ауруға салынуы.

2.Қызметтік міндеттерді бұзу:

 – Кезекшілік кезінде ұйықтау;

 – Қару-жарақты жоғалту немесе дұрыс сақтамау; 

 – Қызмет орнын самарқау атқару.

  1. Әскери мүлікке зиян келтіру:

– Әскери техниканы қасақана немесе абайсызда бүлдіру; 

– Қаруды, оқ-дәріні заңсыз пайдалану.

  1. Әскери жарғыға қайшы мінез-құлық:

– Рота ішіндегі төбелестер; 

– Қорлау немесе әлімжеттік көрсету (буллинг);

– Командирге тіл тигізу.

Әскери құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұл жазалар ескерту мен тәртіптік жаза беруден бастап, әскери қызметтен шығару немесе бас бостандығынан айыруға дейін жетуі мүмкін.

Мұндай құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін бірнеше маңызды бағытта жұмыс жүргізілуі қажет:

– Құқықтық тәрбие: Жас сарбаздарға әскери заңнама мен жарғыларды үйрету;

– Психологиялық қолдау: Қызметкерлердің моральдық-психологиялық жағдайын

тұрақты бақылау;

– Командирлердің рөлі: Басшылықтың әділ және кәсіби әрекеті – тәртіптің кепілі;

– Ішкі бақылау: Уақытылы тексерулер мен әскери прокуратураның жұмысы.

Әскери құқық бұзушылықтар – тек жеке сарбаздың емес, бүкіл бөлімшенің жауынгерлік қабілетіне кері әсер ететін фактор. Сондықтан тәртіп пен заңдылықты сақтау – әрбір әскери қызметшінің азаматтық әрі әскери міндеті. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік принципін ұстану — тұрақты әрі кәсіби армия құрудың негізі.

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының бас маманы С.М.Турумов

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

9 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.